«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұсыну қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ҰШМҮО ДҚ өтінім келіп түскен кезде:
санитариялық авиацияның ДҚ-дан пациенттің медициналық құжаттарымен бірге келіп түскен өтініммен танысады, пациенттің (тердің) ағымдағы жай-күйін бағалайды, өтінімнің негізділігіне талдау жүргізеді (медициналық көмектің мақсаты, түрі, көлемі, телемедициналық консультация нәтижелері), пациенттің жай-күйін нақтылау үшін санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ-дан қосымша деректерді сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі қабылдаушының мүмкіндігін бағалайды;
азаматтық авиацияның тұрақты рейстерін пайдалана отырып, өмірге қауіп төнген кезде пациенттің орналасқан жері бойынша операция, бетпе-бет консультация жүргізу үшін білікті мамандарды тасымалдауды ұйымдастырады;
қажетті медициналық көмек түріне сәйкес пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау орындылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде тәуекелдердің пайда болу дәрежесін айқындайды және санитариялық ұшуға тапсырманы орындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала хабарлаумен пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастырады;
медициналық көрсетілімдер бойынша САМБ қалыптастырады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан және білім беру және ғылыми (ЖОО) ұйымдарынан білікті маманды (дарды) тартады;
санитариялық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан тартылған білікті маман (дар) мен САМБ құрамын келіседі;
ара қашықтықтың ұзақтығын, әуе кемесінің түрін айқындайды және әуе кемесін пайдаланушыға өтінімді береді;
пайдаланушымен ұшу уақытын келіседі және санитариялық ұшуға тапсырманы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 118/е нысаны бойынша тағайындайды;
әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;
санитариялық автокөлікте пациентті (терді), САМБ-ты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
кейіннен трансплантаттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктері) мен тіндерді алу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті мамандарды (сонда/кері) әуе көлігімен жеткізуді ұйымдастырады;
өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде ҰШМҮО басшылығын уақтылы хабардар етеді;
ҰШМҮО басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.
10 және 11 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктері) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктері) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Арнайы әуе кемелерін пайдалану арқылы санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету мақсатында авиациялық қызметтерді пайдалану үшін негіздер:
жетуі қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (учаскелер);
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
ЖМК көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;
жерүсті көлігімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйым хатының негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына білікті медициналық көмек алған пациентті (терді) тасымалдау;
уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы (өз бетінше тыныс ала алмайтын, комадағы және жазатайым оқиғадан және жарақаттардан зардап шеккен пациенттер) жер үсті көлігінде және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерінде тасымалдауға мүмкіндік бермейтін медициналық алып жүруді қажет ететін жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау;
белгіленген диагнозымен (онкологиялық патология) өз бетінше шетелдік медициналық ұйымға емделуге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасына тасымалдау жүзеге асырылмайды;
уәкілетті органның жазбаша тапсырмасы бойынша оқиға орнына және одан кері, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдарды тасымалдауға медициналық салдармен төтенше жағдайлар кезінде білікті мамандарды жеткізу;
медициналық-санитариялық салдарларын жою бойынша төтенше жағдайлар орнына САМБ жеткізу;
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) білікті мамандарды жеткізу».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.