"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 61 бұйрығы

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігінің

2021 жылға арналған

Операциялық жоспарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы              10 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Жоспарда айқындалған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Аппарат басшысының

міндетін атқарушы                                                                 З. Байғаскина

Бұйрық
Дата публикации
10 февраля 2021