№ 629 от 30.09.2021
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі жанындағы
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 1, 2, 3,
5-тармақтарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, «Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы « »
№ _____ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес
құрамы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы « »
№ _____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
Сараптамалық кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (бұдан әрі – Ұлттық палата) міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;
2) кәсіпкерлік қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Министрліктің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
3) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық – кеңесші орган.
1) Министрліктің әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделердің қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба ) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарына міндетті жариялағаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
2) көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Министрліктің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді.
2-тарау. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңес құрамына ұжымдық мүше ретінде кіреді және өкілеттігі сенімхатпен расталатын өз өкілі арқылы әрекет етеді.
Сараптамалық кеңестің құрамы Министрдің шешімімен бекітіледі.
3-тарау. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі
1) Сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізу;
2) Сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
3) қаралатын жобалар бойынша Сараптамалық кеңестің отырысын өткізуге және Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге бастама жасау;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Министрліктің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;
5) Сараптамалық кеңестің ішкі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
1) Сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
2) сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға хабарлама жібереді және нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырады*;
3) Сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
4) Сараптамалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;
5) Сараптамалық кеңес өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда сараптамалық кеңестің мүшелеріне Сараптамалық кеңестің өткізілетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;
6) Сараптамалық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің мүшелеріне хаттама көшірмесін жолдайды*.
* Сараптамалық қорытынды алу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға жіберуді және осы жобаны мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды, сондай-ақ сараптамалық кеңестің отырысына шығарылатын жобалар бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыруды әзірлеуші Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін.
Нормативтік-құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп қабылдаған жағдайда, сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын тиісті бірлескен нормативтік құқықтық акт жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің бірлескен жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге бастамашылық жасаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары орындайды.
Хатшы Сараптамалық кеңес мүшесі болып табылмайды және Сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Осы хаттама Сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.
Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Бұл ретте Сараптамалық кеңестің отырыстары Сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
Министрлік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.
Жобаға Кодекстің 65-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Министрлік белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы « »
№ _____ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
кейбір бұйрықтарының күшін жою
Согласовано
24.09.2021 08:30 Касымжанова Тота Базарбековна
24.09.2021 16:30 Бозанова Аина Набиевна
25.09.2021 11:03 Амиргалиев Еркинбек Рахимбаевич
27.09.2021 08:45 Темирханов Серикболсын Темирханович
27.09.2021 15:43 Абдильдин Батырбек Султанович
Подписано
30.09.2021 10:40 Цой Алексей Владимирович