Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Дүниежүзілік Банк) бірлесіп қаржыландырады. Оның мақсаты қызмет көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыруға жәрдемдесу және денсаулығына байланысты елеулі проблемалардан туындайтын халық үшін қаржылық тәуекелдерді азайту болып келеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Атқарушы агенттік болып табылады.
Елімізде туындаған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Министрлік өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу үшін қаражаттың бір бөлігін пайдалануға ниеттенеді.
Нарықты зерделеу және өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу мүмкіндігі мақсатында осы хатпен келесі ақпаратты қамтитын өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарын жеткізу мүмкіндігі туралы ақпаратты ұсынуды сұраймыз:
- ӨЖЖ аппараттарының бар болуы;
- жеткізу шарттары;
- жеткізу көлемі;
- ӨЖЖ аппараттарының құны.
Ақпаратты 19.09.2021 жылғы сағат 19-00-ге дейін мына мекенжайға электрондық пошта арқылы жіберуді сұраймыз: kazhealth.procurement@gmail.com