Қазақстан Республикасының Премиьр-Министрдің Өкімінің жобасы «Қазақстан Республикасында балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдірудің 2020 – 2022 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасында балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдірудің 2020 – 2022 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

 

 

  1. Қазақстан Республикасында балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдірудің 2020 – 2022 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
  2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері және ұйымдар (келісу бойынша):

1) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне есепті жылдан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей берсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі министрлігі есепті жылдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр                                                                      А. Мамин

проект Распоряжения
Дата публикации
03 марта 2020