"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 436 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

2020-2024 жылдарға арналған                                                                     стратегиялық жоспарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық                                                                   сақтау министрінің 2020 жылғы                                                                                    10 қаңтардағы № 5 бұйрығына                                                                           өзгерістер енгізу туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                                       10 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»;

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.»;

Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                                              А. Цой

Бұйрық
Дата публикации
03 августа 2021