«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

1-бап. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»                                   2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілсін (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 г., № 9, cт. 31; № 10, ст. 39; № 16, 77-құжат):

         5-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

«2-3. Осы баптың 2-тармағының ережелері осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тұлғаларға қолданылмайды»;

40-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Дербес төлеушілер 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Қорға төлем күнінің алдындағы он екі ай үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде жарналар төлейді, он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар болып белгіленсін.»;

41-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Осы Заңның 5-бабының 2-3-тармағы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Заңжобасы
Дата публикации
30 июля 2021