Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

"Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" бұйрық

2021 жылғы 08.04 № 194 "Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" бұйрық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бiрыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келiсу және бекiту туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекiтілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті: 1) осы Қағидаларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін; 2) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын іске асырудың тоқсан сайынғы мониторингін жүргізсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр А. Цой
Дата публикации
08 апреля 2021