Қазақстан Республикасы
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Жобасы
Адами әлеуетін дамыту
№ 8617-KZ ХҚДБ қарызы
Келісімшарт атауы: «Зерттеу жүргізу үшін зертханалық жабдықтарды сатып алу».
Сілтеме №: SHIP-2/1-LE-01 - қайталанды.
- Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасы бойынша шығыстарды қаржыландыру үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз алды және осы қарыз қаражатының бір бөлігін № SHIP-2/1-LE-01- қайталанды «Зерттеулер жүргізу үшін зертханалық жабдықтарды сатып алу» келісімшарты бойынша төлемдер үшін пайдалануға ниеттеніп отыр.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі саудаластыққа заңды және білікті қатысушыларды зерттеулер жүргізу үшін зертханалық жабдықтарды сатып алу бойынша желімделген (жабық) конверттерде конкурстық ұсыныстар беруге шақырады. Жеткізу мерзімі және орнату уақыты-45 күн.
- Саудаластық Дүниежүзілік Банктің «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша сатып алу» нұсқаулығында жазылған Ұлттық конкурстық саудаластық (ҰКК) рәсімдері негізінде жүргізіледі және нұсқаулықтың5 айқындамасына сәйкес құқылы дереккөз-елдерден саудаластыққа барлық қатысушылар үшін ашық болады. Мүдделер қайшылығына қатысты ДБ саясатын көрсете отырып, басшылықтың 1.6 және 1.7-тармақтарына сілтеме беріліп отыр.
- Саудаластыққа қызығушылық білдірген құқылы қатысушылар одан әрі ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен ала алады, байланыс тұлғасы – Ботакоз Бекхожина– Жобаның Ұлттық үйлестірушісі, e-mail: kazhealth.procurement@gmail.com және олар ресми мерекелерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-12:30 және 14:30-18:00 жұмыс уақытында төменде көрсетілген мекен-жай бойынша саудаластыққа арналған құжаттамамен таныса алады.
- Саудаластыққа арналған құжаттардың толық пакетін (ағылшын тілінде pdf форматында) қызығушылық білдірген саудаластыққа қатысушыға электрондық форматта жіберу мүмкіндігі бар, бұл үшін Жобаны басқару тобына kazhealth.procurement@gmail.com. электрондық мекен-жайы бойынша жазбаша өтініш жіберу керек.
- Саудаластық ұсыныстары төменде көрсетілген мекен-жай бойынша 2021 жылдың 21 қазан күні сағат 16:00 ден кешікпей жеткізілуі тиіс. Электрондық саудаластық өткізу тиым салынады. Кешіктірген ұсыныстар қабылданбайды. Саудаластық ұсыныстар сол саудаластыққа қатысушылардың өкілдері көзінше ашылады, бұл өкілдер 2021 жылдың 21 қазанкүні сағат 16:00 де төменде көрсетілген мекен- жай бойынша өздері қатысамын дегендер. Барлық конкурстық ұсыныстар 5 000 АҚШ доллары сомасына немесе еркін айырбасталатын валютадағы баламалы сомаға саудаластыққа қатысу кепілдігімен қоса берілуі тиіс, оның ішінде қазақстандық теңгемен.
- Жоғарыдағы сілтемелерде көрсетілген мекен-жай:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Жобаны басқару тобы
Б. Бекхожина – Жобаның Ұлттық үйлестірушісі
010000, Қазақстан Республикасы, Нур-Султан қаласы, Достық 18 көшесі, 4 қабат, 477 кеңсе
телефон: + 7172 472 936
E-mail: kazhealth.procurement@gmail.com