«Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы                                29 маусымдағы № 395 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы
    № 395 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының                                                  

                   Премьер-Министрі                                   А. Мамин

Қаулы
Дата публикации
25 февраля 2020