Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы «10»   қаңтардағы

№  5  бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

2020 - 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

                                      

                                       1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

 

Мемлекеттік органның миссиясы: сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсету арқылы Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

Мемлекеттік органның пайымы: халықтың қажеттілігіне сай келетін тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі.

 

 

  2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару

 

1-стратегиялық бағыт. Халықтың денсаулығын нығайту 

 

          Реттелетін қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

          Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауындағы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі басты мақсатына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі денсаулық сақтаудың заманауи және тиімді жүйесін құру арқылы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Оның негізгі жетістіктері күтілетін өмір сүру ұзақтығының 73,12 жасқа дейін ұлғаюы (2016 жылы – 72,30, 2017 жылы – 72,95), халықтың жалпы өлімінің 1000 адамға шаққанда 7,14 дейін төмендеуі (2016 жылы – 7,37, 2017 жылы-7,15) болды.

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын қанайналым жүйесі ауруларын (бұдан әрі – ҚЖА) белсенді анықтау нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚЖА сырқаттанушылық көрсеткіші 2772,4 құрады, 6,8%-ға  ұлғаю динамикасы байқалады.

Стратегиялық жоспар
Дата публикации
23 января 2020