2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағы 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 7-тармағы 4-тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
«4) ПНЭТ және ННЭТ-де көмекке жүгінген адам туралы мәліметтердің болуын тексеру. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылу диагнозы алғаш рет қойылған жағдайда оны статистикалық есеп тобына қоса отырып, электрондық ақпараттық жүйеге ақпаратты енгізеді, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың диагнозы бұрын қойылып, көрсетілген тіркелімдерде мәліметтер болмаған жағдайда ақпаратты енгізеді, ал мәліметтер болған жағдайда оларды толықтырады.
Психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен статистикалық/ динамикалық есепт тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызмет болып табылады және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;»;
Стандарттың 2-қосымшасының оң жоғары бұрышы келесі редакцияда берілсін:
«Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың Стандартына 3-қосымша»;
Стандарттың 3-қосымшасының оң жоғары бұрышы келесі редакцияда берілсін:
«Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың Стандартына 4-қосымша»;
Стандарт толықтырылсын:
8-тарау келесі редакцияда:
«8-тарау. Психикалық денсаулық саласында қалпына келтіру емін және медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру
психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдар үшін (ересек адамдар, балалар);
ПБЗ тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын адамдар үшін (ересек адамдар, балалар).
1-параграф. Психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын ересек адамдарды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психолог;
- әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу, спорт, ЕДШ саласындағы еңбек нұсқаушысы/маманы;
- заңгер;
- орта буын медицина қызметкері.
- психикалық білім беру;
- коммуникациялық тренингтер;
- әлеуметтік мінез-құлық элементтерімен әлеуметтік біліктер тренингі;
- өзіне өзі қызмет көрсету біліктерінің тренингі;
- мәселелерді шешу біліктерін дамыту тренингі (науқас және оның отбасы үшін;
- психикалық емдеу, топтық және дербес пішімде, отбасылық психикалық емдеу;
- еңбекпен емдеу;
- арт-терапия;
- жұмысқа орналасуға қолдау көрсету және/немесе мамандықты/кәсіпті иелену;
- құқықтық қызметтер;
- психологиялық түзету;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10858 тіркелді) «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды қоспағанда еңбек қызметінің кез келген түрін ұйымдастыру.
2-параграф. Психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын балаларды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психолог (мінез-құлыққа қолданбалы талдау жасау бойынша маманданумен);
- психолог (нейропсихология бойынша маманданумен);
- әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану саласындағы маман;
- ЕДШ, АДШ маманы;
- дефектолог;
- логопед;
- орта буын медицина қызметкері.
- психикалық білім беру;
- психикалық-әлеуметтік оңалту;
- оңалту;
- психикалық емдеу;
- әлеуметтік мінез-құлық элементтерімен әлеуметтік біліктер тренингі;
- өзіне өзі қызмет көрсету біліктерінің тренингі;
- физикалық оңалту;
- отбасылық психикалық емдеу (отбасылық кеңес, отбасылық психикалық емдеу, ата-аналарға арналған мектеп);
- эрготерапия;
- құқықтық қызметтер;
- психологиялық түзету.
3-параграф. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну салдарынан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын ересек адамдарды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психолог;
- әлеуметтік жұмыстар бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу, спорт, ЕДШ саласындағы маман;
- ерікті кеңесші;
- орта буын медицина қызметкері;
- еңбек нұсқаушысы;
- заңгер.
- дербес және топтық психикалық емдеу;
- психологиялық кеңес беру;
- әлеуметтік-психологиялық тренингтер;
- ерікті кеңес берушілермен жұмыс жүргізу (тәуелді, МӘО толық курсынан табысты өткен, 2 және одан да көп жылдан астам ремиссияда болған, ПБЗ-ға тәуелді МӘО бағдарламасы кеңесшілерін дайындаудың толық курсынан өткен);
- дәрі-дәрмекпен емдеу;
- ортамен емдеу;
- еңбекпен емдеу;
- әлеуметтік оқу;
- жұмыспен қамту арқылы емдеу;
- сауықтыру және спорттық сабақтар;
- өзіндік еріктік тәжірибе;
- Терапевтік қоғамдастықтың топтық шаралары;
- белсенді бос уақыт;
- маңызды басқа тұлғалармен кездесулер өткізу және қарым-қатынас орнату;
- заңды кеңес беру;
- жұмысқа орналастыру;
- жасырын қоғамдастықтарға тарту;
- рецидивке қарсы тренингтер.
4-параграф. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну салдарынан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын балаларды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психолог;
- әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу, спорт, ЕДШ саласындағы маман;
- ерікті кеңесші;
- орта буын медицина қызметкері;
- тәрбие істері жөніндегі педагог;
- еңбек нұсқаушысы;
- заңгер;
- жалпы білім беру қызметтерін ұсыну.
- дербес және топтық психикалық емдеу;
- психологиялық кеңес беру;
- әлеуметтік-психологиялық тренингтер;
- дәрі-дәрмекпен емдеу;
- ортамен емдеу;
- еңбекпен емдеу;
- әлеуметтік оқу;
- жұмыспен қамту арқылы емдеу;
- сауықтыру және спорттық сабақтар;
- Терапевтік қоғамдастықтың топтық шаралары;
- белсенді бос уақыт;
- маңызды басқа тұлғалармен кездесулер өткізу және қарым-қатынас орнату;
- заңды кеңес беру;
- рецидивке қарсы тренингтер.
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-қорына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге қойғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1 және 2-тармақшаларында көзделінген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы _________
№_____ бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасының халқына
психикалық денсаулық саласында
медициналық-әлеуметтік көмек
көрсетуді ұйымдастыру
Стандартына
2-қосымша
|
«Психоневрологиялық және (немесе) наркологиялық ұйымның анықтамасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі |
||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электрондық (толығымен автоматтандырылған) |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Электрондық құжат нысанында диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі |
Электрондық нұсқадағы сұраныс. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтердің болмауы. |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Анықтаманың әрекет ету мерзімі 10 күнтізбелік күн |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы _________
№_____ бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасының халқына
психикалық денсаулық саласында
медициналық-әлеуметтік көмек
көрсетуді ұйымдастыру
Стандартына
5-қосымша
|
АХЖ-10 кодтары бойынша оңалту еміне жататын диагноздардың тізбесі |
|
|
№ |
АХЖ-10 бойынша шифр және атауы |
|
1 |
F06.3 Органикалық (аффективтік) бұзылулар |
|
2 |
F06.4 Органикалық мазасыздық бұзылуы |
|
3 |
F06.5 Органикалық диссоциативтік бұзылулар |
|
4 |
F06.6 Органикалық эмоционалды тұрақсыз (астениялық) бұзылулар |
|
5 |
F06.7 Жеңіл когнитивтік бұзылу |
|
6 |
F06.8 Бас миының зақымдануы және дұрыс қызмет етпеуінің және тән ауруының салдарынан туындаған басқа нақтыланған психикалық бұзылулар |
|
7 |
F07.0 Органикалық тұлғалық бұзылыс |
|
8 |
F07.1 Постэнцефалиялық синдром |
|
9 |
F07.2 Посткоммоциондық синдром |
|
10 |
F07.8 Бас миының зақымдануы және дұрыс қызмет етпеуінің салдарынан туындаған басқа органикалық тұлғалық және мінез-құлықтық бұзылулар |
|
11 |
F10.1 Алкогольді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
12 |
F10.2 Алкогольді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
13 |
F11.1 Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
14 |
F11.2 Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
15 |
F12.1 Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
16 |
F12.2 Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
17 |
F13.1 Седативтік немесе ұйқы келтіретін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
18 |
F13.2 Седативтік немесе ұйқы келтіретін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
19 |
F14.1 Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
20 |
F14.2 Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
21 |
F15.1 Кофеинді қосқанда басқа ынталандырғыштарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
22 |
F15.2 Кофеинді қосқанда басқа ынталандырғыштарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
23 |
F16.1 Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
24 |
F16.2 Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
25 |
F17.1 Темекіні тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
26 |
F17.2 Темекіні тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
27 |
F18.1 Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
28 |
F18.2 Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
29 |
F19.1 Есірткілерді бірлесе тұтыну нәтижесінде және басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
30 |
F19.2 Есірткілерді бірлесе тұтыну нәтижесінде және басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
31 |
F20.0 Параноидтық шизофрения |
|
32 |
F20.1 Гебефрендік шизофрения |
|
33 |
F20.2 Кататониялық шизофрения |
|
34 |
F20.3 Дифференцияланбаған шизофрения |
|
35 |
F20.4 Постшизофрениялық депрессия |
|
36 |
F20.5 Резидуалды шизофрения |
|
37 |
F20.6 Қарапайым шизофрения |
|
38 |
F20.8 Шизофренияның басқа түрлері |
|
39 |
F21.1. Латенттік шизофрения |
|
40 |
F21.2. Шизофрениялық реакция |
|
41 |
F21.3. Псевдожүйкелік (невроз тәрізді) шизофрения |
|
42 |
F21.4. Псевдопсихопатиялық (психопатия тәрізді) шизофрения |
|
43 |
F21.5. Шизофренияның «кедей белгілері» |
|
44 |
F21.8. Шизотиптік тұлғалық бұзылу |
|
45 |
F22.0 Сандырақтық бұзылу |
|
46 |
F25.0 Шизоаффективтік бұзылу, маниакалдық түр |
|
47 |
F25.1 Шизоаффективтік психоз |
|
48 |
F25.2 Шизоаффективтік бұзылу, аралас түр |
|
49 |
F25.8 Басқа шизоаффективтік бұзылулар |
|
50 |
F30.1 Психотиялық белгілерсіз мания |
|
51 |
F30.8 Басқа маниакалды эпизодтар |
|
52 |
F31.0 Биполярлық аффективтік бұзылу , ағымдағы гипоманиакалды эпизод |
|
53 |
F31.1 Биполярлық аффективтік бұзылу, психотиялық белгілерсіз манияның ағымдағы эпизоды |
|
54 |
F31.3 Биполярлық аффективтік бұзылу, ағымдағы эпизод бірқалыпты немесе жеңіл депрессиялы |
|
55 |
F31.6 Биполярлық аффективтік бұзылу, ағымдағы аралас эпизод |
|
56 |
F31.7 Биполярлық аффективтік бұзылу, ремиссия күйі |
|
57 |
F31.8 Басқа биполярлық аффективтік бұзылулар |
|
58 |
F32.1 Бірқалыпты депрессиялық эпизод |
|
59 |
F32.8 Басқа депрессиялық эпизодтар |
|
60 |
F33.0 Рекуррентті депрессиялық бұзылу, жеңіл дәрежелі ағымдағы эпизод |
|
61 |
F33.1 Рекуррентті депрессиялық бұзылу, бірқалыпты дәрежелі ағымдағы эпизод |
|
62 |
F33.4 Рекуррентті депрессиялық бұзылу, ремиссия күйі |
|
63 |
F33.8 Басқа рекуррентті депрессиялық бұзылулар |
|
64 |
F34 Созылмалы (аффективтік) көңіл-күй бұзылулары |
|
65 |
F34.0 Циклотимия |
|
66 |
F34.1 Дистимия |
|
67 |
F34.8 Басқа созылмалы аффективтік бұзылулар |
|
68 |
F38.1 Басқа рекурентті (аффективтік) көңіл-күй бұзылулары |
|
69 |
F38.8 Басқа нақтыланған (аффективтік) көңіл-күй бұзылулары |
|
70 |
F40.0 Агорафобия |
|
71 |
F40.1 Әлеуметтік қорқыныш |
|
72 |
F40.2 Айрықша (оқшауланған) қорқыныш |
|
73 |
F40.8 Басқа мазасыздық-қорқынышты бұзылулар |
|
74 |
F41.0 Үрейлі бұзылу (эпизодтық пароксизмалды мазасыздық) |
|
75 |
F41.1 Жаппай мазасыздық бұзылуы |
|
76 |
F41.2 Аралас мазасыздық және депрессиялық бұзылу |
|
77 |
F41.3 Басқа аралас мазасыздық бұзылулары |
|
78 |
F41.8 Басқа нақтыланған мазасыздық бұзылулары |
|
79 |
F42.0 Басым түсетін жабысқақ ойлар немесе толғанулар (ақыл-ой сағызы) |
|
80 |
F42.1 Басым түсетін компульсиялық әрекеттер (обсессивтік салт-жоралар) |
|
81 |
F42.2 Аралас обсессивтік ойлар және әрекеттер |
|
82 |
F42.8 Басқа обсессивті-компульсиялық бұзылулар |
|
83 |
F42.9 Обсессивті-компульсиялық бұзылу, нақтыланбаған |
|
84 |
F43.1 Жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылу |
|
85 |
F43.2 Бейімделу бұзылулары |
|
86 |
F43.8 Ауыр күйзеліске басқа реакциялар |
|
87 |
F45.2 Ипохондриялық бұзылу |
|
88 |
F45.3 Соматоформды вегетативтік әрекетсіздік |
|
89 |
F45.4 Созылмалы соматоформды ауырсыну бұзылуы |
|
90 |
F45.8 Басқа соматоформды бұзылулар |
|
91 |
F45.9 Соматоформды бұзылу, нақтыланбаған |
|
92 |
F48.8 Басқа ерекше жүйке бұзылулары |
|
93 |
F50.0 Жүйкелік анорексия |
|
94 |
F50.1 Атипиялық жүйкелік анорексия |
|
95 |
F50.2 Жүйкелік булимия |
|
96 |
F50.3 Атипиялық жүйкелік булимия |
|
97 |
F50.4 Басқа бұзылулармен үйлесетін артық тамақтану |
|
98 |
F50.5 Басқа психологиялық бұзылулармен үйлесетін құсу |
|
99 |
F50.8 Ас қабылдаудың басқа бұзылулары |
|
100 |
F60.0 Тұлғаның параноидтық бұзылуы |
|
101 |
F60.1 Тұлғаның шизоидты бұзылуы |
|
102 |
F60.2 Тұлғаның диссоциалды бұзылуы |
|
103 |
F60.3 Тұлғаның эмоционалды тұрақсыз бұзылуы |
|
104 |
F60.4 Тұлғаның есіріктік бұзылуы |
|
105 |
F60.5 Тұлғаның ананкастық (обсессивті-компульсиялық) бұзылуы |
|
106 |
F60.6 Тұлғаның мазасыздық (жалтармалы) бұзылуы |
|
107 |
F60.7 Тұлғаның тәуелділік бұзылуы |
|
108 |
F60.8 Басқа тұлғалық ерекше бұзылулар |
|
109 |
F61.0 Аралас тұлғалық бұзылулар |
|
110 |
F61.1 Тұлғаның мазасыздық туғызатын өзгерістері |
|
111 |
F62.0 Апатқа ұшырағаннан кейін тұлғаның созылмалы өзгеруі |
|
112 |
F62.1 Психикалық аурудан кейін тұлғаның созылмалы өзгеруі |
|
113 |
F62.8 Басқа созылмалы тұлғалық өзгерістер |
|
114 |
F63.0 Құмар ойындарына патологиялық құмарлық |
|
115 |
F68.8 Ересектерде кездесетін ересек тұлғалық және мінез-құлықтық басқа ерекше бұзылулар |
|
116 |
F70.0 Жеңіл ақыл-ес кемдігі |
|
117 |
F70.8 Жеңіл ақыл-ес кемдігі |
|
118 |
F70.9 Жеңіл ақыл-ес кемдігі |
|
119 |
F71.0 Бірқалыпты ақыл-ес кемдігі |
|
120 |
F71.8 Бірқалыпты ақыл-ес кемдігі |
|
121 |
F71.9 Бірқалыпты ақыл-ес кемдігі |
|
122 |
F84 Дамудың жалпы бұзылулары |
|
123 |
F84.0 Балалар аутизмі |
|
124 |
F84.1 Атипиялық аутизм |
|
125 |
F84.2 Ретта синдромы |
|
126 |
F84.3 Балалар жасындағы басқа дезинтегративтік бұзылу |
|
127 |
F84.4 Ақыл-ес кемдігімен және стереотиптік қимыл-қозғалыстармен үйлесетін гиперактивтік бұзылу |
|
128 |
F84.5 Аспергер синдромы |
|
129 |
F84.8 Дамудың басқа жалпы бұзылулары |
|
130 |
F88 Психологиялық дамудың басқа бұзылулары |
|
131 |
F90.0 Зейін белсенділігінің бұзылуы |
|
132 |
F90.1 Гиперкинетикалық мінез-құлықтық бұзылу |
|
133 |
F90.8 Басқа гиперкинетикалық бұзылулар |
|
134 |
F91.0 Отбасымен шектелетін мінез-құлық бұзылуы |
|
135 |
F91.1 Әлеуметтендірілмеген мінез-құлық бұзылуы |
|
136 |
F91.2 Әлеуметтендірілген мінез-құлық бұзылуы |
|
137 |
F91.3 Қарсылыққа шақыратын бұзылу |
|
138 |
F91.8 Басқа мінез-құлық бұзылулары |
|
139 |
F92.0 Депрессиялық мінез-құлық бұзылуы |
|
140 |
F92.8 Басқа аралас мінез-құлық және эмоция бұзылулары |
|
141 |
F93.0 Балалық шақта айрылысумен байланысты мазасыздық бұзылуы |
|
142 |
F93.1 Балалық шақтағы қорқынышты мазасыздық бұзылуы |
|
143 |
F93.2 Балалық шақтағы әлеуметтік мазасыздық бұзылуы |
|
144 |
F93.3 Сиблингтік бәсекелестік бұзылуы |
|
145 |
F93.8 Балалық шақтағы басқа эмоционалдық бұзылулар |
|
146 |
F94.0 Элективтік мутизм |
|
147 |
F94.1 Балалық шақтағы құштарлықтың реактивтік бұзылуы |
|
148 |
F94.2 Балалық шақтағы құштарлықтың тежелген бұзылуы |
|
149 |
F94.8 Балалық шақта әлеуметтік қызмет етудің басқа бұзылулары |
|
150 |
F95.0 Транзиторлы тартылу бұзылуы |
|
151 |
F95.1 Созылмалы қозғалмалы немесе дауысты тартылу бұзылулары |
|
152 |
F95.2 Құрама дауыстық және көптеген қозғалмалы тартылу бұзылуы (де ля Туретта синдромы) |
|
153 |
F95.8 Басқа тартылу бұзылулары |
|
154 |
F98 Әдетте балалық және жасөспірімдік шақта басталатын басқа мінез-құлықтық және эмоционалдық бұзылулар |
|
155 |
F98.0 Органикалық емес энурез |
|
156 |
F98.1 Органикалық емес энкопрез |
|
157 |
F98.4 Стереотипті қозғалыс бұзылулары |
|
158 |
F98.5 Кекештік |
|
159 |
F98.6 Тез шашалып сөйлеу |