Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы 2020 жылғы есеп

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп

Есепті кезең: 2020 жыл 

Бекітілген: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 Қаулысы.

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

Бірлесіп орындаушылар: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыты: Болашаққа инвестициялар: денсаулық сақтау.

 

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

№ р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көздері

Жауаптылар орындаушылар

Орындалуы

Қаржыландыру көздері

ББ коды

 

 

 

Орындалуы туралы ақпарат

Негізгі (бастапқы) мән

Жоспар 2020 ж.

Факт

2020 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

Бағдарламалық мақсат: Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету

 

Нысаналы индикатор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

Туған кезден бастап өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы

жас саны

ҰЭМ Статистика комитетінің ресми статистикалық ақпараты

ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, АШМ, МСМ, ЖАО

73,13

73,21

-

 

 

2020 жылдың қорытынды көрсеткіші Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың сәуір айында қалыптастырылатын болады

 

2.

30 жас пен 70 жас аралығындағы жүрек қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен мезгілсіз болатын өлімнің қауіп деңгейі

%

ҰЭМ Статистика комитетінің статистикалық ақпараты

ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, АШМ, МСМ, ЖАО

19,67

18,86

-

 

 

2020 жылдың қорытынды көрсеткіші Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың сәуір айында қалыптастырылатын болады

 

3.

Ана өлімінің деңгейі*

1000 тірі туғанға шаққанда

ДСМ әкімшілік деректері

ДСМ,
ЖАО

17,4

17,1

36,5

 

 

Көрсеткішке қол жеткізілмеді

Көрсеткіш 46,8%-ға қол жеткізілді.

Көрсеткіштің өсуі елдің барлық өңірлерінде байқалады.

Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Қостанай облысында (100 мың тірі туғанға 94,4), Солтүстік Қазақстан (76,8), Ақтөбе (70,3), Қарағанды (51,5), Қызылорда (56,0) облыстарында  және Шымкент қаласында (50,9) тіркелді.

Ана өлімінің күрт өсуі 2020 жылдың жазғы кезеңінде тіркелді және жалпы ел бойынша COVID-19 коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуімен байланысты, осы кезеңге жағдайлардың жалпы санынан (156 жағдай) өлімнің 63% (98 жағдай) келеді.

Тиісінше, ана өлімі құрылымында жүктілікке, босануға және босанғаннан кейінгі кезеңге байланысты емес себептер (жанама себептер деп аталады) 58% - дан (2019 ж.) 72 % - ға дейін (2020 ж.) өсті.

Мәселен, жанама себептерден болған 156 өлімнің (112 жағдай) ішінде пневмония мен коронавирустық инфекцияның үлес салмағы 57% - ды 88 жағдай), өзге де экстрагениталдық аурулар тек 15% - ды (24 жағдай) (қанайналымы жүйесінің, жүйке жүйесінің, ас қорыту жүйесінің аурулары, туберкулез), 28% - ды (44 жағдай) - акушерлік себептерден құрады.

Бұл ретте, коронавирустық инфекциядан және пневмониядан ана өлімінің көрсеткіші 20,6 (88 жағдай), коронавирустық инфекцияны (акушерлік және басқа соматикалық аурулар) есепке алмағанда, тірі туған 100 мың балаға 15,9 (68 жағдай) құрайды.

Осылайша, жүкті әйелдер арасында Сovid-19-дан болатын өлім деңгейі жүктілігі жоқ әйелдердің жасына сәйкес келетіндерге қарағанда екі есе жоғары екенін көрсетті: 0,1% - бен салыстырғанда 0,2%).

Ана өлімін тиімді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ДСМ) ана өлімін азайтудың 2020 жылға арналған Жедел жоспарын бекітті және іске асырды  (бұдан әрі – Жоспар). Жоспардың іс-шаралары кадрлармен қамтамасыз етуді, материалдық-техникалық жарақтандыруды, медициналық көмекті стандарттауды, цифрландыруды, пациенттермен және халықпен ақпараттық жұмысты қамтиды. Жоспарда әкімдерге, денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдардың басшыларына арналған нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері айқындалған.

 Жүкті әйелдерге медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту бойынша одан әрі шараларды әзірлеу үшін тұрақты жұмыс істейтін сарапшылардың жұмыс тобы жұмыс істейді.

Күн сайын анестезиология және реанимация, акушерия-гинекология, кардиология және т. б. жетекші мамандардың қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізіледі.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы толық көлемде жұмыс істейді.

 Министрлік босандыру және балалар медициналық ұйымдарының жабдықталуына бағалау жүргізді, жабдықтарға қажеттілікті анықтады.

Республика бойынша босандыру ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 2019 жылдың кезеңімен 73,1% салыстырғанда 2020 жылы 81,6% - ды құрады. Жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпарат бойынша өңірлерде босандыру және балалар ұйымдарының жарақтандырылуын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда, қажеттілікті ескере отырып, медициналық жабдықтарды сатып алу 2021 жылға жоспарланған.

2020 жылы босану саны өткен жылмен салыстырғанда 22 298-ге (421 654), 24 739-ға көп бала туылғандығын (427 303), жүкті әйелдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 21 147 (435 674) өскенін атап өту керек.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша босандыру ұйымдарының акушер-гинекологтармен жасақталуы 91,5%–ды, анестезиологтармен және реаниматологтармен жасақталуы 83,8% - ды құрады.

Есеп
Дата публикации
05 марта 2021