Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 824 бұйрығы»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

2020-2024 жылдарға арналған                                                                     стратегиялық жоспарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық                                                                   сақтау министрінің 2020 жылғы                                                                                    10 қаңтардағы № 5 бұйрығына                                                                           өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«4. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысы архитектурасы» деген бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген кестеде 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттік бағдарламалар – 9» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар – 10» деген сөздермен ауыстырылсын;

«138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету» деген жолмен толықтырылсын; 

«Бюджеттік бағдарламалар» деген кестеде 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттік бағдарламалар – 2» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар – 3» деген сөздермен ауыстырылсын;

«131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» деген жолмен толықтырылсын;

Бұйрық
Дата публикации
20 декабря 2020