Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16685 болып тіркелді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
Л. Ақтаева |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ағымдағы мониторинг – ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін ағымдағы есепті кезеңдегі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
2) амбулаториялық - емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – АЕК КШН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) нысандарында амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК КШН) – АЕК КШН кепілдік берілген компонентінен КШН және КШН ынталандырушы компонентінен тұратын МСАК субъектісіне "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "БХТ" АЖ) тіркелген, бекітілген бір адамға шаққандағы амбулаториялық-емханалық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
4) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне: аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және БХТ-да тіркелген халыққа көрсетілетін қызметтердің кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдық денсаулық сақтау субъектісі;
5) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттері есепке алынған, ауыл халқына қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
6) ауыл халқына қызметтерді көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінен және КЖШНЫК тұратын БХТ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
7) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
8) базалық мөлшерлеме – өлшем бірлігі үшін алынған көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
9) бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, лимфоидты және қан өндіру тінінің қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастарға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "ОНЭТ" АЖ) тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
10) бірлесіп орындаушы – дерекқорға қосылған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
11) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі – АС) – денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру аясында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) емделіп шыққан жағдай – пациентке емделуге түскен сәттен бастап емделіп шыққанға дейін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
14) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әртүрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтар ескерілетін коэффициент;
15) иммун тапшылығы вирусын жұқтырған бір адамға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) жұқтырған бір адамға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі – ЖИТС) ауыратын науқасқа есептегенде АИТВ-ны жұқтырған адамға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
16) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 429 бұйрығымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;
17) клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеуге арналған шығындары бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біртектес топтары;
18) қызметтер беруші – Сатып алу қағидаларына сәйкес қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
19) медициналық көмек көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан және клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуды білдіретін медициналық көмек көрсету, емдеу-диагностикалық іс-шаралар тәртібінің бұзылуы;
20) медициналық көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар денсаулық субъектісілерінің іс-қимылдары;
21) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді көздейтін қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
22) медициналық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу (бұдан әрі - медициналық қызметтердің сапа мен көлемді мониторингтеу) – көрсетілген медициналық қызметтердің негізділігін және ақауларды анықтаған кезде айыппұл санкцияларын қолдануды жүйелік бағалау;
23) МСАК субъектісі – "БХТ" АЖ порталында тіркелген, бекітілген халыққа МСАК және амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
24) нысаналы мониторинг – бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы жүргізілетін ағымдағы мониторингтің нәтижелері бойынша және (немесе) қор айқындаған тақырыптық бағыттар бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
25) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен "ДНЭТ" АЖ "Наркологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" кіші жүйесінде (бұдан әрі – ННЭТ) тіркелген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа есептегенде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
26) психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "ДНЭТ" АЖ) "Психикалық науқастардың электрондық тіркелімі" кіші жүйесінде (бұдан әрі – "ПНЭТ" АЖ) тіркелген психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа есептегенде психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
27) республикалық денсаулық сақтау ұйымдары – уәкілетті орган қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, дербес білім беру ұйымының, медициналық білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары;
28) ретроспективалық талдау – сараптама жүргізу кезінде медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеу негізінде талдау;
29) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға – Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағына 20-тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алу жүргізіле алмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
30) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф (бұдан әрі – тариф) – "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) бекітілген көрсетілетін қызмет бірлігінің немесе медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
31) туберкулезбен ауыратын бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен "ДНЭТ" АЖ "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" кіші жүйесінде (бұдан әрі – ТАНҰТ) тіркелген туберкулезбен ауыратын бір науқасқа есептегенде туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
32) түзету коэффициенттері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) бекітілген Медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне (бұдан әрі – Тарифтерді қалыптастыру әдістемесі) сәйкес тарифті түзету мақсатында уәкілетті орган қолданатын коэффициенттер;
33) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34) шарттың орындалуын бағалаудың сызықтық шкаласы (бұдан әрі – Сызықтық шкала) – сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелерін есепке алмай, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының айлық сомасынан асып кеткен жағдайларда ақы төлеу сомасын есептеу тетігі;
35) шығын сыйымдылығы коэффициенті – КШТ-ның базалық мөлшерлемесінің құнына шығындылық дәрежесін айқындайтын коэффициент;
36) Республикалық ауыр акушерия орталығы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасында босанулардан/аборттардан кейінгі ауыр жай-күйдегі әйелдерге стационарлық медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының астанасында медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2-бөлім. Медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібі
1-кіші бөлім. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) қызметтер көлемін орналастыруда шарт немесе қосымша келісім жасау кезінде авансты ұстау кестесіне сәйкес аванс сомасын кейіннен ұстап қалу арқылы шарт сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) ақы төлеуді жүзеге асырады;
2) желтоқсан айында ұстап қалуға жататын аванс сомасын есептегендегі шарт бойынша қалған сомадан аспайтын мөлшерде желтоқсан айына арналған жоспарлы сомадан 70 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық ақы төлеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (қолданысқа енгізілу тәртінбін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Егер желтоқсан ағымдағы кезеңінде ұсталуы тиіс аванстық ақы төлеу (алдын ала) сомасы есепті кезеңдегі көрсетілген қызметтердің актісі бойынша ақы төлеуге қабылданған сомадан артық немесе оған тең болған жағдайда ақы төлеуге қабылданған тең сома ұсталады, ағымдағы кезеңде ұсталуы тиіс соманың қалдығы Қор шотына қайтарылып беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (қолданысқа енгізілу тәртінбін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
1) балаларға және босандыру кезіндегі станционарлық көмек көрсету;
2) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен (туберкулез, онкология, психиатрия, наркология, инфекциялық аурулар) науқастарға станционарлық көмек көрсету
3) жедел медициналық көмек көрсету бағыттар бойынша медициналық көмек кқрсететін қызмет берушілерді қоспағанда жүзеге асырылмайды.
1) медициналық көмектің түрлері мен нысандары, медициналық қызметтің түрлері бойынша ағымдағы мониторингтеу;
2) медициналық көмектің түрлері мен нысандары, медициналық қызметтің түрлері бойынша нысаналы мониторингтеу;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мониторингтеу мәніне кірмеген көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарының орындаулуын мониторингтеу.
1) қызметтер беруші денсаулық ақпараттық жүйелеріне енгізілген көрсетілген қызметтерді бағалау. Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша автоматтандырылған тәсілмен белгіленген ақаулар расталады немесе қабылданбайды, сондай-ақ өзде де анықталған ақаулар тағайындалды;
2) қағаз жеткізгіштерде бастапқы медициналық құжаттаманы зерделеу, бастапқы медициналық құжаттамамен ақпараттық жүйелерге енгізілген деректерді медициналық қызметтердің салыстыруды және қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындау бойынша шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау субъектілеріне бару арқылы жүзеге асырылады.
Қордың медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу үшін, қажет болған жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тартады.
Тәуелсіз сарапшылар мынадай жағдайларда:
1) қайтыс болу жағдайларын, сирек аурулармен емделген жағдайларды, клиникалық тұрғыда мамандандырылған емделген жағдайларды, асқынумен емделген жағдайларды қарау кезінде, медициналық көмектің тиісті сапасын растау қажеттілігі, сондай-ақ нақты келтірілген шығыстар үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде медициналық көмектің тиісті сапасын растау қажеттілігі;
2) көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарлы, тақырыптық (нысаналы) мониторингін жүргізу;
3) қордың сот істеріне қатысуы кезінде тартылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қызметтер беруші қорға жіберген медициналық құжаттама қызметтер берушінің мекенжайына медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қайтарылуға тиіс. Қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері немесе құжаттардың электрондық сканерленген көшірмелері қызметтер берушінің мекенжайына қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Жоспарлы тәртіппен сапа мен көлемін мониторингтеу кезінде қор ағымдағы жылдың барлық өткен кезеңдерінің көрсетілген медициналық қызметтерін ретроспективалық талдауды жүзеге асырады және ағымдағы кезеңдегі ақы төлеу кезінде мониторинг нәтижелерін есепке алады.
1) қор қызметтер беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарының немесе денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының мүмкін бұзушылықтары туралы ақпарат алған;
2) қызметтер беруші басқа қызмет берушінің сапа мен көлемі мониторингін жүргізу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының болуы мүмкін бұзушылықтарын анықталған;
3) осы Қағидаларда және Сатып алу қағидаларында көзделген соның ішінде ұсынылған төлем құжаттарында нысандар мен есептер бойынша, қызметтер берушінің дұрыс емес, толық емес және сапасыз орындалған құжаттарды ұсынуы немесе ақпараттық жүйелерге енгізу фактілері анықталған;
4) қызметтер берушіден сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелерімен келіспеу туралы өтініш келіп түскен кезде өтінішті қарау қызметтер берушінің орналасқан жеріне барусыз мүмкін болмаған кезде;
5) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының шеңберінде қызметтер берушінің қызметіне немесе ол көрсеткен медициналық қызметтердің сапасына медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардан шағымдар, өтініштер келіп түскен;
6) сапасы мен көлемге ағымдағы мониторингтің нәтижелері бойынша нысаналы мониторинг жүргізу;
7) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындауды мониторингтеу.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Медициналық қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы қорға сараптама аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ана өлімінің әрбір жағдайына сараптамалық қорытынды қалыптастыра отырып ана өлімі жағдайларына сараптаманың нәтижелерін ұсынады.
Ана өлімі жағдайларын сараптау нәтижелері медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу кезінде ескеріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Алдағы уақыттағы медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бойынша өнімділік іс-шаралар үшін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемдеріне жүргізілген ағымдағы мониторингтің шешімі бойынша қормен тоқсан сайын қызметтер берушілердің қызметін бағалау жүзеге асырады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25-1. Қызметтер берушінің қызметіне және қызметтерді сатып алу шартының шеңберінде олардың көрсеткен медициналық қызметтерінің сапасына медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардан шағымдар, арыздар келіп түскен жағдайда, қызметтер беруші 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде Қорға сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 1-параграф 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
МСАК және ауыл субъектілері есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен (он) кешіктірмей қолмен және (немесе) автоматтандырылған режімде басшы немесе уәкілетті лауазымды тұлға, оның ішінде ЭЦҚ арқылы қол қойған және қызметтер берушінің мөрімен (ол бар болса) куәландырылған көрсетілген медициналық қызметтер үшін шот-тізілімді қалыптастырады және қорға жібереді.
Қызметтер беруші қол режімде шот-тізілімді дұрыс емес қалыптастырған және (немесе) қағаз жеткізгіштерде дұрыс емес деректері бар шот-тізілімді ұсынған жағдайда қор 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде қызметтер берушіге шот-тізілімді оны қайта қалыптастыру мен ұсыну үшін қайтарады.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көрсетілген жойылмайтын күш жағдайлары және (немесе) ақпараттық жүйелердегі жаңартуларға байланысты мән-жайлар туындаған жағдайда қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін шот-тізілімді белгіленген мерзімнен кешірек қабылдайды.
ТМККК шеңберінде ағымдағы жылғы қаңтар үшін шот-тізілім алдыңғы жылғы 1 желтоқсаннан бастап ТМККК шеңберінде шот-тізілімге кірмеген қызметтерді ескере отырып, жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасында сот органдарының шешімі, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының сомасынан асып кеткен, өткізілген төлемдер бойынша не осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша өткен төлем кезеңдеріндегі тоқсан сайынғы салыстыру нәтижелері болған жағдайларда өзге де төлемдер (шегерулер) көрсетіледі.
ТМККК шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтар айы үшін хаттама алдыңғы жылғы 1 желтоқсаннан бастап шот-тізілімге кірмеген қызметтерді ескере отырып қалыптастырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Көрсетілген қызметтердің актісі қолмен және (немесе) автоматтандырылған режімде әрбір жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына жеке қалыптастырылады, оған қор мен қызметтер берушінің уәкілетті лауазымды тұлғалары қол қояды және қор мен қызметтер берушінің мөрлерімен (бар болса) куәландырылады.
Медициналық қызметтердің сапасы мен көлем мониторингін жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттың қолданысы уақытында ақы төлеуге қабылданбаған осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген көрсетілген қызметтерге ақы төлеу көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданысы жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
Ағымдағы қаржы жылының шот-тізіліміне алдыңғы қаржы жылында медициналық көмек көрсету басталған және ағымдағы қаржы жылында аяқталған жағдайлар қосылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрықтарымен.
34. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33-1. Көрсетілген қызметтерді сатып алу шартына сәйкес ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу сапа мен көлем мониторингін жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу мерзімінде ақы төлеуге қабылданбаған, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін шот-тізілімге кірмеген қызметтер сатып алу шартының қолданылу жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
Бұл ретте, алдыңғы жылғы желтоқсанда көрсетілген ТМККК шеңберіндегі қызметтер үшін сома алдыңғы қаржы жылының 11 айы үшін ақы төлеуге қабылданған сома бойынша орташа айлық нақты орындалу сомасынан аспайды.
Ескерту. 33-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Бұрын төленген аванстың бір бөлігін ұстап қалуды ескере отырып, қол қойылған көрсетілген қызметтердің актілері бойынша ақы төлеуді қор есепті кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей қызметтер берушінің қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражатты есептеу мен жұмсау бойынша банк операцияларын жүргізу үшін ашық екінші деңгейлі банктегі есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Қор көрсетілген қызметтердің актісіне қол қоюдан бас тартуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтер берушіге қабылданған шешім туралы хабарлайды (көрсетілген жұмыстардың актісін түзету немесе шешімнің дұрыстығын растайтын есеп айырысулар мен құжаттардың қосымшасын қоса беріп, көрсетілген қызметтердің актісін қайта жіберу).
Көрсетілген қызметтердің актілері бойынша ақы төлеу мерзімі қор мен қызметтер беруші арасында көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою бойынша келісімге қол жеткізілген мерзімге ұзартылады.
Салыстыру актілерінде жылына екі рет ағымдағы жылғы шілдеде, қарашада және келесі жылғы қаңтарда алдын алуға болмайтын өлім жағдайларын қоспағанда, сапа мен көлемді және медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің орындалуын мониторингтеу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының азайту сомасы көрсетіледі.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
40-1. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша ұсталған айыппұл санкцияларының сомалары көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданысы кезеңінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін пайдалануға жатады.
ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбы қызметтер берушілердің республикалық бюджеттің кірісіне есептеуіне жатады.
Ескерту. 1-параграф 40-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрықтарымен.
41. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
41-1. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42-1. Тарифтік саясатты жетілдіруге, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін жаңғыртуға бағытталған медициналық қызметтерге тарифтердің апробациясы мақсатында пилоттық жобаларды іске асыру кезінде олардың қызметтеріне ақы төлеу осы Қағидалардың 3-5, 12-41-тармақтарында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде медициналық көмектің жеке нысандары, түрлері мен бейіндері бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеудің ерекшеліктері уәкілетті органның құқықтық актілерімен айқындалады.
Ескерту. 1-параграф 42-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42-1. Тарифтерді тестілеу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру кезінде қызметтерге ақы төлеу осы Қағидалардың 3-6, 12-41 1-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-параграф 42-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Бірлесіп орындаушының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-кіші бөлім. Медициналық көмек нысандары бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібі
1-тарау. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1-параграф. Кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу тәртібі
1) мына:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 281 бұйрық) сәйкес МСАК;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 626 бұйрық) КДК нысанында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шығындары қалалық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілері мен аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтер кешені үшін кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ақы төлеу кезінде ескерілетін қызметтер тізбесі бойынша бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін қамтамасыз ету бойынша:
2) №429 бұйрықпен және Тарифтерді қалыптастыру әдістемесімен (бұдан әрі – МСАК қызметкерлерін ынталандыру) айқындалған тәртіппен МСАК субъектілері қызметінің қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары үшін МСАК қызметтерін көрсететін қызметтер берушінің қызметкерлерін ынталандыру бойынша қызметтер үшін КЖН АЕК тарифі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есепті кезең үшін бекітілген халықтың орташа тізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күні үшін БХТ-да тіркелген бекітілген халықтың санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалады.
Қалалық және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті тек ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірлікке) тең.
Есепті кезең үшін АЕК КЖН бойынша МСАК субъектісінің АЕК көрсеткені үшін ақы төлеу сомасы көрсетілген қызметтер көлеміне байланысты емес.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
49-1. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 ((01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
қамтамасыз етуге шығындар фенилкетонуриямен ауыратын бекітілген халқы бар МСАК субъектілері үшін емдік ақуызы төмен өнімдермен және фенилаланиннің төмен құрамы бар өнімдермен көзделеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының (бұдан әрі – ДСБ) шешімі бойынша емдік ақуызы төмен өнімдермен және фенилаланиннің төмен құрамы бар өнімдермен орталықтандырылған қамтамасыз ету үшін МСАК субъектілерін айқындауға рұқсат беріледі.
Ақы төлеу мақсатында емдік ақуызы төмен өнімдер мен фенилаланиннің төмен құрамы бар өнімдерді босату "Дәрілік қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "ДҚЕ" АЖ) тіркеледі.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) күн сайын медициналық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – МАЖ) "Тіркеу бөлімі" модулінде дәрігерлердің қабылдау графигі мен кестесін, дәрігерге қабылдауға жазылу, активтер мен үйге шақырулар бойынша мәліметтерді енгізуді;
2) күн сайын "БТЖ" АЖ-мен интеграцияланған МАЖ-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 025/е, № 025-5/е және № 025-7/е нысандары бойынша халыққа МСАК және КДК мамандары көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтерді дербестендірілген тіркеуді;
3) күн сайын "БТЖ" АЖ-мен интеграцияланған МАЖ-да №907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың 201/е нысаны бойынша КДҚ-ға сыртқы жолдамаларды енгізуді;
4) "ДҚ" АЖ-да емшек сүтінің бейімделген алмастырғыштарын босатуды күн сайын енгізуді;
5) жасалған қоса орындау шарттары бойынша деректерді "БТЖ" АЖ-ның "Төлем жүйесі" модулінде олар жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізуді және растауды;
6) "БТЖ" АЖ-да қызметтер берушінің бекітілген халыққа КДК көрсетуге қоса орындау шартын орындау хаттамасын, қызметтер берушінің бекітілген халыққа қоса орындау шарты бойынша КДК көрсетілген қызметтер актісін қалыптастыруды;
7) оны есептеу мен бөлу осы параграфқа сәйкес жүзеге асырылатын КЖНЫК төлеу үшін қажетті деректерді "БТЖ" АЖ-ға енгізуді және беруді;
8) бастапқы бухгалтерлік құхаттардың негізінде есепті кезеңде "БТЖ" АЖ-да мыналар:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушінің амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезіндегі кірістер құрылымы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушінің амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезіндегі шығыстар құрылымы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушінің амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушінің амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде аванстың жоспарлы сомасын бөлу туралы ақпарат қалыптастыруды;
9) осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген есептерді қалыптастыру үшін қажетті деректерді енгізу есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
"БТЖ" АЖ-да осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, қызметтер берушіге ағымдағы есепті кезеңдегі АЕК көрсеткені үшін шот-тізілімді қалыптастыру көрсетілген ақпаратты енгізгенге дейін жүргізілмейді.
Қызметтер беруші қордың сұрау салуы бойынша оның негізінде осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрықтарымен.
55-1. МСАК субъектілеріне есепті кезеңде АЕК КЖН бойынша АЕК көрсеткені үшін ақы төлеу сомасы № 281 бұйрықтың 8-тармағында көзделген бір жалпы практика дәрігеріне азаматтарды бекіту нормативінен асып кеткені үшін ұстап қалу сомасына азайтылады.
Ұстап қалу сомасы осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес бір жалпы практика дәрігеріне азаматтарды бекіту нормативінен асып кеткені үшін ұстап қалу сомасын есептеу формуласы бойынша есептеледі.
Ескерту. 55-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерінің тізілімі;
2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерінің тізілімі;
3) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек медициналық қызметтерінің сапасы мен көлеміне мониторингтің актісі;
4) осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен жедел медициналық көмек қызметтерінің тізілімі;
5) осы Қағидаларға 54-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен жедел медициналық көмек қызметтерінің тізілімі;
6) осы Қағидаларға 55-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек медициналық қызметтерінің сапасы мен көлеміне мониторингтің актісі қалытастырылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
67. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "МҚСБЖ" АЖ):
есепті кезең аяқталған күннен кейінгі келесі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей МСАК субъектілері мен ауыл субъектілері бөлінісінде негіздемені көрсете отырып, МСАК субъектісі мен ауыл субъектісінің қызметіне бекітілген халық арасында жеке тұлғалардың өтініштері (шағымдары) бойынша деректер енгізуді;
2) "ЖБНҚК" АЖ-да:
есепті кезең аяқталған күннен кейінгі келесі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей есепті кезеңде болған (жазатайым оқиғаларды қоспағанда) және МСАК деңгейінде алдын алуға болатын барлық ана өлімі жағдайларын, сондай-ақ сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелері бойынша КЖНЫК сомасын есептеуде көрсетілген жағдайлардың қатысуы туралы мәліметтерді тіркеуді;
медициналық қызметтер көрсету саласындағы аяқталмаған мемлекеттік бақылауға байланысты есепті кезеңде КЖНЫК сомасын есептеуге қатыспайтын жағдайлар туралы мәліметтерді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әрбір облыс, астана және республикалық маңызы бар қала бойынша ағымдағы қаржы жылына бекітілген КЖНЫК-тың жоспарлы жылдық сомалары мен халықтың саны бойынша деректерді енгізуді және растауды;
2) өңір деңгейінде КЖНЫК-тың жылдық сомасын айларға бөлу деректерін енгізуді және растауды;
3) әрбір облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың ДСБ-мен келісім бойынша уәкілетті орган ұсынған түпкілікті нәтиженің әрбір индикаторы бойынша белгіленген нысаналы мәнді енгізуді және растауды;
4) мыналар:
халық бойынша;
халық және балдар бойынша;
халық, балдар және МСАК қызметтерін көрсетудің кешенділігіне нақты МСАК субъектісінің сәйкестік коэффициенті бойынша 1 (бір) бекітілген тұрғынға есептегенде 150 (жүз елу) теңгеден жоғары КЖНЫК сомасын бөлу өлшемшартын ай сайынғы (есепті кезеңнің басында) белгілеу;
5) МСАК субъектілері мен ауыл субъектілері бөлінісінде әрбір өңір бойынша есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндері мен КЖНЫК сомаларын алдын ала автоматтандырылған есептеуді (есепті кезеңнің жабылуына дейін) жүргізу;
6) есепті кезең аяқталған күннен кейінгі айдың келесі 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей есепті кезеңнің жабылуын растау. Есепті кезеңді жабу халық бекітілген учаскелер бөлінісінде МСАК субъектілері бойынша бөлінбеген жағдайлар болған кезде тоқтатыла тұрады. Есепті кезеңді жабуды растаған күннен бастап қорды қоспағанда, енгізілген деректерді өзгертуге рұқсат берілмейді;
7) түпкілікті нәтиже индикаторының мәндері мен КЖНЫК сомаларын есептеуге әсер ететін сәйкессіздіктер немесе қатысушылардың қате іс-қимылы анықталған жағдайда, МСАК субъектілерінің есепті кезеңді жабуына дейін есепті кезеңнің жабылуын растауды алып тастау;
8) есепті кезеңде МСАК субъектісі мен ауыл субъектісі бір бекітілген тұрғынға есептегенде 150 (жүз елу) теңгеден жоғары КЖНЫК сомасынан асып кету фактісі болған кезде, көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге ағымдағы есепті айда қабылдау. Бұл ретте, осы алгоритм 1 (бір) тоқсан ішінде қолданылады;
9) "АЕК" АЖ-да түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндері мен ақы төлеуге арналған КЖНЫК сомаларын автоматтандырылған есептеу деректерін алу;
10) есепті кезеңдегі түпкілікті нәтижелердің қол жеткізілген индикаторларын бағалау қорытындысы бойынша МСАК субъектілері мен ауыл субъектілеріне КЖНЫК сомасын аудару;
11) МСАК субъектілері мен ауыл субъектілері бөлінісінде қызметтің қол жеткізілген түпкілікті нәтижелерін бағалау қорытындыларын қалыптастыру және ДСБ-ға мәлімет үшін жібереді;
12) есепті кезең аяқталған күннен кейінгі келесі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей есепті кезеңде болған (жазатайым оқиғаларды қоспағанда) және МСАК деңгейінде алдын алуға болатын барлық бала өлімі 7 (жеті) күннен бастап 5 (бес) жасқа дейінгі жағдайларын, сондай-ақ сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелері бойынша КЖНЫК сомасын есептеуде көрсетілген жағдайлардың қатысуы туралы мәліметтерді тіркеуді;
13) есепті кезеңде болған (жазатайым оқиғаларды қоспағанда) және МСАК деңгейінде алдын алуға болатын барлық бала өлімі 7 (жеті) күннен бастап 5 (бес) жасқа дейінгі жағдайлары бойынша сапа мен көлемнің аяқталмаған мониторингіне байланысты есепті кезеңде КЖНЫК сомасын есептеуге қатыспайтын жағдайлар туралы мәліметтер.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әрбір МСАК субъектісі мен оның аумақтық учаскелері бөлінісінде түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндеріне әсер ететін медициналық көмек көрсету жағдайлары бойынша БХТ, "МҚСБЖ" АЖ, "ОНЭТ" АЖ дерекқорларынан автоматтандырылған режимде деректерді күн сайын дұрыс алуды;
2) есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 3 (үшінші) күнінен кешіктірмей "ТАНҰТ" АЖ дерекқорынан өзара іс-қимыл сервисін іске асырған жағдайда автоматтандырылған режимде немесе осы сервис жоқ кезде қол режимінде деректерді ай сайын дұрыс алуды;
3) есепті кезең аяқталған күннен кейінгі келесі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей қорға ұсыну үшін осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс, астана және республикалық маңызы бар қала бойынша түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндері мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің сомаларын есептеу үшін ақпараттық жүйелерден деректерді жүктеудің дұрыстығы мен нақтылығы жөніндегі есепті қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
4) деректердің жүктелуіне қарай ДСБ-мен бірлесіп, ДСБ жанынан құрылған комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде түпкілікті нәтиже индикаторларының мәніне (ана өлімі жағдайларын қоспағанда) әсер ететін даулы жағдайларды нақты МСАК субъектілеріне жатқызу бойынша түзетулерді есепті кезеңнің жабылуына дейін енгізеді.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
70-1. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) қор есепті кезеңді аяқтаған күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей есепті кезеңдегі есеп айырысулардың нәтижесі бойынша алынған КЖШНЫК-тың жалпы сомасының 5 (бес) пайызынан кем емес мөлшерде МСАК қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жіберу үшін жоспарланып отырған шығыстардың сомалары туралы деректерді енгізуді;
2) қор есепті кезеңді аяқтаған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей кейін енгізілген деректерді кез келген өзгерту мүмкін болмайтын есепті кезеңнің жабылауын растауды және аумақтық учаскелердің бөлінісінде МСАК қызметкерлеріне түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндері мен КЖШНЫК сомаларын автоманттандырылған есептеуді жүзеге асыруды;
3) түпкілікті нәтиже индикаторларының мәніне әсер ететін нақты жағдай бойынша бекіту учаскесі туралы ақпарат болмаған жағдайда БХТ порталына деректерді енгізуді;
4) есепті кезеңді аяқтаған күннен кейінгі келесі айдың 25-күніне дейін № 429 бұйрыққа сәйкес МСАК қызметкерлерін ынталандыру бойынша КЖНШЫК сомаларын бөлу нәтижесі бойынша есепті айдағы жиынтық деректерді енгізуді және осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің сомаларын бөлу бойынша есеп қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72-1. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72-2. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72-3. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72-4. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72-5. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72-6. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу
Қор "БТЖ" АЖ "Төлем жүйесі" модуліндегі "Шарттың негізгі талаптары" қосымша бетінде деректерді енгізеді, оларды растайды және АЕК көрсетуге арналған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының және бар болса көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қосымша келісімдердің көшірмелерін бекітеді.
1) осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер тізілімі;
2) осы Қағидаларға 24-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер тізілімі;
3) осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған консультациялық-диагностикалық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі қалыптастырылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
1) шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып, КШТ бойынша бір емделіп шыққан жағдай үшін;
2) аурулардың, операциялар мен манипуляциялардың тізбесі бойынша іс жүзіндегі шығыстар бойынша бір емделіп шыққан жағдай үшін;
3) бір төсек-күн үшін;
4) есептеудің орташа құны бойынша бір емделіп шыққан жағдай үшін;
5) медициналық-экономикалық тарифтер бойынша бір емделіп шыққан жағдай үшін тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
85-1. Күндізгі стационардың бір төсек-күні үшін ақы төлеу стационарлық көмектің бір төсек күні үшін тарифтен және орташа есеп айырысу құны бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтен 1/2 (екіден бір) тарифі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-параграф 85-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (қолданысқа енгізілу тәртінбін 5-т. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) күн сайын № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 003/е, № 096/е және № 097/е нысандары бойынша деректерді енгізуді және растауды қамтамасыз етеді.
Гистологиялық және патоморфологиялық зерттеулердің нәтижелерін енгізу жағдайларын қоспағанда, енгізудің дұрыстығы расталғаннан кейін "СНЭТ" АЖ-да деректер түзетуге жатпайды;
2) стационардан пациент жазылып шыққан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 066/е, № 066-1/е, № 066-2/е, № 066-3/е және № 027/е нысандары бойынша стационардан шыққан науқастың статистикалық карталарын қалыптастыру;
3) есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 30-күніне (отызыншы) дейінгі мерзімде мынадай есептерді:
осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мамандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер үшін шығыстар құрылымы;
осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мамандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер үшін қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу;
осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге аванстың жоспарлы сомасын бөлу;
осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мамандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау туралы ақпаратты қалыптастыру үшін қажетті деректерді енгізу.
"СНЭТ" АЖ-да осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, қызметтер берушіге ағымдағы есепті кезең үшін стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсеткені үшін шот-тізілімді қалыптастыру көрсетілген ақпаратты енгізгенге дейін жүргізілмейді.
Қызметтер беруші қордың сұрау салуы бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
90. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) облыстық және қалалық босандыру ұйымдарына;
2) емделіп шыққан жағдайлардың 45 (қырық бес) пайызы және одан астам босандыру үлесімен босандыру қызметтерін көрсететін көпбейінді стационарларға;
3) емделіп шыққан жағдайлардың 45 (қырық бес) пайызы және одан астам бір жасқа дейінгі балалар үлесімен бір жасқа дейінгі балаларға қызметтер көрсететін стационарларға, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына;
4) емделіп шыққан жағдайлардың 45 (қырық бес) пайызы және одан астам бір жасқа дейінгі балалар мен босандыру қызметтерінің жиынтық үлесімен бір жасқа дейінгі балаларға қызмет және босандыру қызметтерін көрсететін стационарларға, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына;
5) стационарды алмастыратын медициналық көмек нысаны бойынша көрсетілген гемодиализ бен перитонеалдық диализ қызметтеріне;
6) ақы төлеу осы тараудың 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылатын онкологиялық аурулары бар балаларға көрсетілетін қызметтерге;
7) онкологиялық науқастарға және туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдары ұсынатын қызметтерге;
8) осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес Аурулар және денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесі (бұдан әрі – АХЖ) кодтары бойынша лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктерінің және қан, қан өндіру ағзалары ауруларының тізбесі бойынша лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және "University Medical Center" Корпоративтік қоры ұсынатын қызметтерге;
9) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерге;
10) сәбиді күту бойынша (жаңа туған сәбидің дәрі қобдишасы) жинақты қамтамасыз етуге;
11) инфекциялық профилдің төсектерінде инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға көрсетілетін қызметтер үшін.
Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
95-1. Қор стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсеткен кездегі өлім жағдайлары бойынша "МҚСБЖ" АЖ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір өлім жағдайына (өліммен аяқталған) сараптамалық қорытындыны сканерленген түрінде бекітеді.
Ескерту. 1-параграф 95-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақы төлеуге жататын есепті кезеңдегі емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
2) осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
3) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
4) осы Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтің актісі;
5) осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтің нәтижелері бойынша, ақы төлеуге жататын және жатпайтын, оның ішінде ішінара ақы төлеуге жататын емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі қалыптастырылады.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қысқа мерзімді болу кезінде (үш тәулікке дейін қоса алғанда) алдын алуға болмайтын өлім жағдайларында ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ құнының елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Диагностика мен емдеудің жетілдірілген технологияларын қолдана отырып, емделіп шыққан жағдайлардың жату мерзімі қысқарған жағдайда ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ толық тарифі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есептік орташа құны бойынша емделіп шыққан жағдайлар үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын қызметтер берушілерге емдеу ұзақтығын негізді қысқарту жағдайларында ақы төлеу есептеу бір төсек-күннің орташа құны бойынша нақты төсек-күндер үшін жүзеге асырылатын бір емделіп шыққан жағдай үшін тариф бойынша жүргізіледі, бұл ретте, бір төсек-күннің құны бір емделіп шыққан жағдай үшін тарифтің құнын төсек-күндердің белгілі бір жоспарлы санына бөлу арқылы есептеледі.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Нақты келтірілген шығыстар үшін ақы төленуі тиіс немесе қосымша шығыстарды өтеп, клиникалық-шығынды топтар бойынша ақы төленуі тиіс стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету жағдайларына ақы төлеу тәртібі
1) жалақы;
2) салықтар немесе бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін кәсіптік зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
3) тамақтану;
4) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар (бұдан әрі – МБ);
5) тарифтер бойынша медициналық қызметтер;
6) бір пациентке қайта есептегенде алдыңғы айда қызметтер берушінің коммуналдық және басқа шығыстарына арналған нақты шығындар бойынша есептелетін коммуналдық шығыстар.
Нақты келтірілген шығыстар үшін ақы төлеу кезінде дәрілік заттар мен МБ-ға шекті құнынан аспайтын олардың нақты (сатып алу) құны бойынша ақы төленеді, қызметтер беруші көрсетілген құнға арналған растайтын құжаттарды ұсына отырып, ақпараттық жүйелерге дәрілік заттар мен МБ-ның нақты (сатып алу) құнын енгізеді.
Нақты келтірілген шығыстар үшін төлеуге жататын жағдайлардың тізбесі бойынша операция жүргізу кезінде транспланттау мақсатында кадаврды бір мәйіттен ағзаларды және/немесе тіндерді мультағзанық алуына дайындау бойынша қызмет көрсету үшін ақы төлеу бір рет жүзеге асырылады. Сол мәйіттен ағзалардың және/немесе тіндердің мультиоргандық қоршауына кадаврды дайындау бойынша қызметке ақы төлеуге басқа да денсаулық сақтау субъектісі мәлімдеген жағдайда ақы төлеу жүзеге асырылмайды.
Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
111-1. Республикалық ауыр акушерия орталығына емдеуге жатқызылған босанулардан/аборттардан кейінгі ауыр жағдайдағы әйелдерге мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу нақты шығындар бойынша осы Қағиалардың 118 - тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 111-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тарифтер бойынша негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ бойынша ақы төленетін емделіп шыққан жағдайдың құнын;
2) уәкілетті орган белгілейтін шекті бағалардан аспайтын нақты (сатып алу) құны бойынша ақы төленетін дәрілік заттар мен МБ-ның құнын;
3) тарифтер бойынша төленетін медициналық көрсетілетін қызметтердің құнын қосу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
112-1. Республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда Аяқталмаған остеогенез диагнозы бар науқастарға мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсеткені үшін әрбір жағдай бойынша ақы төлеу пациентке дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруді негіздей отырып, көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 112-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қызметтер беруші "ДҚ" АЖ-да сәбиді күту жинағын (жаңа туған нәрестенің дәрі-дәрмек қобдишасы) босатудың тіркелуін қамтамасыз етеді.
Тәуліктік стационар жағдайларында альбуминдік және перитонеалдық диализ қызметтері үшін ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операциялардың КШТ бойынша және тарифтер бойынша көрсетілген сеанстардың құнын төлей отырып, жүргізіледі.
Денсаулық сақтау ұйымдарына "СНЭТ" АЖ-да сканереленген түрде бекітілген жөнелтпе құжат бойынша үйде перитонеалдық диализді өз бетінше жүргізу үшін пациентке берілген шығыс материалдарына арналған шығындар өтеледі.
Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
116-1. Өкпе гипертензиясын, сондай-ақ тәулік бойы стационар жағдайында асқынған өкпе гипертензиясын емдеу кезінде азот монооксидін қолданған жағдайда ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ бойынша тарифтер бойынша қызметтің құнын төлей отырып жүргізіледі.
Ескерту. 116-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-140 (01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
117. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қосымша шығындарға ақы төлеу мыналардың:
1) есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 15-күнінен (он бесінші) кешіктірмей қорға жіберілетін, осы Қағидалардың талаптарына кірмейтін қосымша дәрілік заттарды, МБ-ны науқасқа ұсынғаны үшін мәлімделген шығындарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қызметтер берушінің жазбаша өтінішінің;
2) қордың және қызметтер берушінің лауазымды тұлғалары қол қойған салыстыру актісінің;
3) осы Қағидалардың талаптарына кірмейтін қосымша дәрілік заттар мен МБ-ны пациентке ұсынудың негізділігі туралы сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелерінің;
4) қор құрған комиссияның дәрілік заттар мен МБ-ға қосымша шығындардың негізділігі туралы оң қорытындысының негізінде жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына уәкілетті органның және қордың өкілдері кіреді.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
118-1. Республикалық ауыр акушерия орталығына емдеуге жатқызылған, ауыр жай-күйдегі босанған әйелдерге медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 118-тармағында көзделген тәртіппен дәрілік заттарға, МБ және медициналық көрсетілетін қызметтерге нақты жұмсалған шығыстар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 118-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) стационарлық көмектің шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып және нақты шығындар бойынша химиялық препараттардың құнын төлеумен КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтің ¼ тарифі бойынша химиотерапия сеансы үшін;
2) стационарлық көмектің шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып және сәулелік терапияның нақты көрсетілген сеанстарының құнын төлеумен КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтің ¼ тарифі бойынша сәулелік терапия көрсету кезінде;
3) стационарлық көмектің шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып және нақты шығындар бойынша химиялық препараттардың құнын және сәулелік терапияның нақты көрсетілген сеанстарының құнын өтей отырып, КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтің ¼ тарифі бойынша химиялық және сәулелік терапия сеанстары үшін жүргізіледі.
Есепті кезеңдегі 1 (бір) науқасқа арналған химиотерапия мен сәулелік терапияның барлық сеанстары бір емделген жағдай ретінде есептеледі.
Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
125. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (қолданысқа енгізілу тәртінбін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
3-параграф. Медициналық-экономикалық тарифтер бойынша онкологиялық аурулары бар балаларға стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету жағдайларына ақы төлеу тәртібі
Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
127. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер өткізілген төсек-күндердің саны бір емдеу блогының (сызбасының) белгіленген емдеу мерзімінің 50 (елу) және одан да аз пайызын құраса, ақы төлеу емдеу блогы (сызбасы) құнының 30 (отыз) пайызы ұсталып, жүргізіледі.
Онкологиялық аурулары бар балалар үшін оңалтуды көрсету кезінде қызметтер беруші қормен келісім бойынша қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің бір бөлігін беру арқылы бірлесіп орындаушыларды тартады. Бірлесіп орындаушылардың көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
131. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (қолданысқа енгізілу тәртінбін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
3-тарау. Жедел медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1) жедел медициналық көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив бойынша;
2) тромболитикалық терапия жүргізгені үшін – Денсаулық туралы кодекстің 7-бабы 1-тармағының 20) және 68) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган айқындаған шекті құнынан аспайтын препараттың нақты (сатып алу) құны бойынша жүзеге асырылады.
Жедел көмектің жан басына шаққандағы нормативі бойынша қызметтер берушіге жедел медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу сомасы көрсетілген қызметтердің көлеміне байланысты емес.
Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
133-1. Білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық көлікпен тасымалдауға байланысты жедел медициналық көмек және медициналық көмек қызметтерін сатып алу шарттарын есепке алуды қор қол немесе автоматтандырылған режимде "БТЖ" АЖ-да жүзеге асырады.
Автоматтандырылған режимде Қор "БТЖ" АЖ-ның "Төлем жүйесі" модулінде "Шарт талаптары" салымына деректерді енгізеді, оларды растайды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының және болған жағдайда оған қосымша келісімдердің көшірмесін тіркейді.
Ескерту. 133-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтеуден өткен жедел медициналық көмек қызметтерінің тізілімін;
2) осы Қағидаларға 54-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен жедел медициналық көмек қызметтерінің тізілімі;
3) осы Қағидаларға 55-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек медициналық қызметтерінің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі қалыптастырылады.
Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 56-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек көрсету кезіндегі кірістер құрылымы;
2) осы Қағидаларға 57-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек көрсету кезіндегі шығыстар құрылымы;
3) осы Қағидаларға 58-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек көрсету кезінде қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу;
4) осы Қағидаларға 59-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек көрсету кезінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
5) осы Қағидаларға 60-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмек көрсету кезінде аванстың жоспарлы сомасын бөлу туралы ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Осы тармақта көзделген ақпарат ұсынылмаған жағдайда, көрсетілген ақпарат ұсынғанға дейін қызметтер берушіге ағымдағы есепті кезең үшін көрсетілген қызметтер актісін қалыптастыру жүргізілмейді.
Қызметтер беруші Қордың сұратуы бойынша оның негізінде осы тармақта көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
139. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық көлікпен тасымалдауға байланысты қызметтер тізілімі;
2) осы Қағидаларға 63-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық көлікпен тасымалдауға байланысты қызметтер тізілімі;
3) осы Қағидаларға 64-қосымшаға сәйкес білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық көлікпен тасымалдауға жөніндегі қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі қалыптастырылады.
Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4 – тарау. Медициналық көмек нысандарының кешенін көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1-параграф. Ауыл халқына медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1) № 281 бұйрыққа сәйкес МСАК;
№ 626 бұйрыққа сәйкес КДК нысанында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шығындары қалалық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілері мен аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтер кешені үшін кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ақы төлеу кезінде ескерілетін қызметтер тізбесі бойынша бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін қамтамасыз ету бойынша;
2) МСАК қызметкерлерін ынталандыру бойынша қызметтер үшін жүзеге асырылады.
Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
Есепті кезеңдегі бекітілген ауыл халқының орташа тізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күні үшін БХТ-да тіркелген бекітілген ауыл халқының санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалады.
Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) фенилкетонуриямен ауыратын бекітілген халыққа қызмет көрсететін ауыл субъектілері үшін емдік ақуызы төмен өнімдермен және фенилаланиннің төмен құрамы бар өнімдермен қамтамасыз етуге арналған шығындар;
2) тәуліктік стационардан тірі жаңа туған нәрестесі бар босанған әйел шыққан кезде сәбиге күтім жасау жинағының (жаңа туған нәрестенің дәрі-дәрмек қобдишасы) құнымен қамтамасыз етуге арналған шығындар көзделеді.
Емдік ақуызы төмен өнімдерді және фенилаланиннің төмен құрамы бар өнімдерді, сәбиге күтім жасау жинақтарын (жаңа туған нәрестенің дәрі-дәрмек қобдишасы) босату "ДҚ" АЖ-да тіркеледі.
Қор салыстыру актісінің негізінде сәбиге күтім жасау жинағын (жаңа туған нәрестенің дәрі-дәрмек қобдишасы) алған адамдардың санын және ауыл субъектісіне бекітілген феникетонурия ауруы бар адамдардың санын өзгертуге байланысты қызметтерді сатып алу шартының сомасын түзетуді жүзеге асырады.
Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қор "БТЖ" АЖ "Төлем жүйесі" модуліндегі "Шарттың негізгі талаптары" қосымша бетінде деректерді енгізеді, оларды растайды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының және бар болса көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қосымша келісімдердің көшірмелерін бекітеді.
1) күн сайын МАЖ-ның "Тіркеу бөлімі" модулінде дәрігерлердің қабылдау графигі мен кестесін, дәрігерге қабылдауға жазылу, активтер мен үйге шақырулар бойынша мәліметтерді енгізуді;
2) күн сайын "БТЖ" АЖ-мен интеграцияланған МАЖ-да № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 025/е және № 025-7/е нысандары бойынша халыққа МСАК және КДК мамандары көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтерді дербестендірілген тіркеуді;
3) күн сайын "БТЖ" АЖ-мен интеграцияланған МАЖ-да №907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың 201/е нысаны бойынша КДҚ-ға сыртқы жолдамаларды енгізуді;
4) "ДҚ" АЖ-да емшек сүтінің бейімделген алмастырғыштарын босатуды күн сайын енгізуді;
5) жасалған қоса орындау шарттары бойынша деректерді "БТЖ" АЖ-ның "Төлем жүйесі" модулінде олар жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізуді және растауды;
6) "БТЖ" АЖ-да қызметтер берушінің бекітілген халыққа КДК көрсетуге қоса орындау шартын орындау хаттамасын, қызметтер берушінің бекітілген халыққа қоса орындау шарты бойынша АЕК көрсетілген қызметтер актісін қалыптастыруды;
7) оны есептеу мен бөлу осы Қағидалардың 2-бөлімінің 1-кіші бөлімі 1-тарауының 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын КЖНЫК төлеу үшін қажетті деректерді "БТЖ" АЖ енгізуді;
8) бастапқы бухгалтерлік құхаттардың негізінде есепті кезеңде "БТЖ" АЖ-да мыналар:
осы Қағидаларға 66-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл субъектісінің медициналық көмек көрсету кезіндегі кірістер құрылымы;
осы Қағидаларға 67-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл субъектісінің медициналық көмек көрсету кезіндегі шығыстар құрылымы;
осы Қағидаларға 68-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл субъектісінің медициналық көмек көрсету кезіндегі кірістер мен шығыстар құрылымы;
осы Қағидаларға 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл субъектісінің медициналық көмек көрсетуі кезіндегі қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу;
осы Қағидаларға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл субъектісінің медициналық көмек көрсету кезінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
осы Қағидаларға 71-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл субъектісінің медициналық көмек көрсету кезіндегі аванстың жоспарлы сомасын бөлу туралы ақпарат қалыптастыруды;
9) осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген есептерді қалыптастыру үшін қажетті деректерді енгізу есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады;
10) осы Қағидалардың 2-бөлімінің 2-кіші бөлімі 1-тарауының 1-параграфына сәйкес "ЖБНҚК" АЖ-ға деректерді енгізу;
11) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 003/е нысандары бойынша "СНЭТ" АЖ-да деректерді күн сайын енгізу және растау. "СНЭТ" АЖ-ға гистологиялық және патоморфологиялық зерттеулердің нәтижелерін енгізу жағдайларын қоспағанда, енгізілген деректер расталғаннан кейін түзетуге жатпайды;
12) пациенттің стационардан шыққан күнінен кейінгі күннен кешіктірмей "СНЭТ" АЖ-да шығару эпикризін қалыптастыру;
13) медициналық карталардан "СНЭТ" АЖ-да деректерді енгізу нәтижелері бойынша стационардан шыққан адамның статистикалық картасын қалыптастыру (№907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 066/е және № 003/е нысандары).
"БТЖ" АЖ-да осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, ағымдағы есепті кезең үшін ауыл субъектісіне ауыл халқына қызмет көрсеткені үшін шот-тізілімді қалыптастыру көрсетілген ақпарат енгізілгенге дейін жүргізілмейді.
Ауыл субъектісі Қордың сұратуы бойынша оның негізінде осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) "МҚСБЖ" АЖ-ға стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің сапасын сараптау нәтижелерін енгізеді;
2) "БТЖ" АЖ-да стационарлық науқастардың әрбір өлім жағдайына (өлімімен аяқталған) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытындыны сканерленген түрінде қоса береді.
Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерінің тізілімі;
2) осы Қағидаларға 14-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерінің тізілімін;
3) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек медициналық қызметтерінің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі;
4) осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен жедел медициналық көмек қызметтерінің тізілімі;
5) осы Қағидаларға 54-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен жедел медициналық көмек қызметтерінің тізілімі;
6) осы Қағидаларға 55-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел медициналық көмекті медициналық қызметтерінің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі;
7) осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
8) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтеуден өткен емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
9) осы Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті медициналық қызметтерінің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі қалыптастырылады.
Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу
1) осы тармақтың 2)-8) тармақшаларында көзделген қызметтерді қоспағанда, қатерлі ісіктерден зардап шегетін (С00-С80, С97, С81-С85 АХЖ-10 кодтары бойынша) 18 жастағы және одан асқан онкологиялық науқастарға Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер кешенін көрсеткені үшін бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф бойынша;
2) онкологиялық науқастарды химиялық препараттармен қамтамасыз еткені үшін – шекті құнынан аспайтын химиялық препараттардың нақты (сатып алу) құны бойынша;
3) жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қоспағанда, онкологиялық науқастарға сәулелік терапия сеанстарын көрсеткені үшін –тарифтер бойынша;
4) осы Қағидаларға 79-1-қосымшаға сәйкес онкологиялық науқастарға стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек түрінде көрсетілетін АХЖ-9 кодтары бойынша қызметтер/операциялар тізбесі бойынша – шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып, КШТ бойынша бір емделген жағдайға тарифтер бойынша;
5) еркін таңдау құқығын іске асыру шеңберінде онкодиспансерде есепте тұрмайтын онкологиялық науқастарға (диагнозын растауға жіберілген ісік алды аурулары бар науқастарға) (бұдан әрі – өзге қалалық науқас) стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсеткені үшін – осы Қағидаларға 79-1-қосымшаға сәйкес қызметтерді/операцияларды қоспағанда, шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып, КШТ бойынша бір емделіп шыққан жағдай үшін тарифтер бойынша (С00-С80, С97, С81-С85 АХЖ-10 кодтары бойынша) жүзеге асырылады;
6) зақым келтіретін бірігу патологиясы бар ІV клиникалық топтағы онкологиялық науқастарға мобильді топтарымен ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекке паллиативтік көмек көрсету үшін - уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша;
7) телепатология жүйесі арқылы ісіктердің биоүлгілеріне халықаралық телеконсультация өткізгені үшін - тарифтер бойынша;
8) молекулалық-генетикалық және молекулалық биологиялық диагностиканы жүргізу үшін - тарифтер бойынша.
Ескерту. 163-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қор "ОНЭТ" АЖ "Қаржы блогы" модуліндегі "Шарттың талаптары" қосымша бетіне деректерді енгізеді, оларды растайды және онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсеткені үшін қызметтерді сатып алу шартының және бар болса оған қосымша келісімдердің көшірмелерін бекітеді.
Есепті кезеңдегі онкологиялық науқастардың ортатізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күнінде "ОНЭТ" АЖ-да тіркелген онкологиялық науқастардың санын қосу және алған қосындыны айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалады.
Ескерту. 166-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) онкологиялық науқастардың есепке қойылуын;
2) онкологиялық науқастардың есептен шығарылуын;
3) онкологиялық науқастарға медициналық көмекті көрсету жағдайларын тіркеудің (қайта тіркеудің) негізінде қамтамасыз етіледі.
1) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 090/е, № 025/е немесе № 003/е нысандары;
2) басқа онкодиспансерге қайта тіркелу туралы онкологиялық науқастың жеке өтініші (еркін нысанда ресімделген);
3) онкодиспансердің сканирленген түрде бекітілетін, осы онкодиспансерге берілген онкологиялық науқастың жеке өтінішінің (еркін нысанда ресімделген) негізінде басқа онкодиспансерге онкологиялық науқасты тіркеуге (орналастыруға) сұрау салуы негізінде жүзеге асырады.
1) бір онкологиялық диспансерден басқасына ауыстырылған;
2) МСАК ұйымына бекітілген және осы өңірдің онкодиспансерінде есепте тұрмаған;
3) осы өңірдің онкодиспансерінде есепте тұрған және басқа өңірдің МСАК ұйымына бекітілген онкологиялық науқастардың тізімі қалыптастырылады.
1) онкодиспансердің диспансерлік бөлімшесінің онкологиялық науқастың сауығуы туралы қорытындысы;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінен (бұдан әрі – АХАТБ органдары) келіп түсетін қайтыс болу туралы мәліметтерді;
3) БХТ порталында тіркелген онкологиялық науқастың қайтыс болуы туралы куәлікті;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ішкі істер органдарының ресми деректерінің негізінде жүзеге асырады.
Онкодиспансер АХАТБ органы онкологиялық науқастың қайтыс болуын тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей автоматты түрде есептен алынған қайтыс болғандарды қоспағанда, онкологиялық науқастың қайтыс болу себептерін "ОНЭТ" АЖ-да нақтылайды. Онкологиялық науқастардың есептен шығарылуын тіркеу нәтижесі бойынша "ОНЭТ" АЖ-да автоматтандырылған режімде автоматты түрде есептен шығарылған онкололгиялық науқастардың және есептен шығарылмаған қайтыс болған онкологиялық науқастардың тізімдері қалыптастырылады.
1) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 066-2/е, № 003/е және 025/е нысандары бойынша стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсету туралы деректерді күн сайын растауды енгізу;
2) пациенттің стационардан шығуынан немесе амбулаториялық емдеудің аяқталуынан кейінгі келесі үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығару эпикризін растауды енгізу;
3) емдеудің барлық кезеңдерінде таргеттік препараттарды қоса алғанда, онкологиялық науқастар есепті кезеңде пайдаланған химиопрепараттар туралы деректерді растауды.
Ескерту. 172-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 81-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсету кезіндегі кірістердің құрылымы;
2) осы Қағидаларға 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсету кезіндегі шығыстардың құрылымы;
3) осы Қағидаларға 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлерге сараланған ақы төлеу;
4) осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
5) осы Қағидаларға 85-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсетуге арналған аванстың жоспарлы соммасын бөлу туралы ақпаратты енгізеді.
"ОНЭТ" АЖ-да осы тармақпен көзделген ақпарат болмаған жағдайда, онкодиспансерге ағымдағы есепті кезеңдегі онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсеткені үшін шот-тізілімді қалыптастыру көрсетілген деректерді енгізгенге дейін жүргізілмейді.
Онкодиспансер қордың сұрау салуы бойынша негізінде осы тармақта көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
1) осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдық мониторингтеуден өткен емханаға жатқызу жағдайларының тізілімі;
2) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдық мониторингтеуден өткен емханаға жатқызу жағдайларының тізілімі;
3) осы Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтер сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі;
4) осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлық қатысушылардың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша ақы төлеуге, оның ішінде ішінара ақы төлеуге жататын және жатпайтын емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімін.
Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) көрсетілген КДҚ үшін – тарифтер бойынша;
2) онкологиялық науқастарға (диагнозын растауға жіберілген ісік алды аурулары бар науқастарға) стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсеткені үшін – шығын сыйымдылығы коэффициентін ескере отырып, КШТ бойынша бір емделіп шыққан жағдай үшін тарифтер бойынша (С00-С80, С97, С81-С85 АХЖ-10 кодтары бойынша) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының сомасы шегінде азаматтық заңнамаға сәйкес бірлесіп орындаушымен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 182-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
183. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 № ҚР ДСМ-35 (қолданысқа енгізілу тәртінбін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
Амбулаториялық деңгейде сәулелік терапия өткізгені үшін ақы төлеу нақты көрсетілген сәулелік терапия сеанстары үшін тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, қызметтер беруші сәулелік терапия құнының есебінен науқастарың пансионтта тұруын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 184-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 185-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1) туберкулезбен ауыратын бір науқасқа арналған кешенді тариф бойынша;
2) № 666 бұйрыққа сәйкес олардың шекті құнынан аспайтын туберкулезге қарсы препараттардың нақты (сатып алу) құны бойынша медициналық ұйымдардың дәрілік формулярына сәйкес бойынша туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз еткені үшін көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады.
Туберкулезбен ауыратын бір науқасқа арналған кешенді тариф:
1) туберкулез ауруының болуына күдікті адамдарға туберкулезді анықтау бойынша емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) туберкулезбен ауыратын (белсенді туберкулез) адамдарды емдеу-диагностикалық іс-шаралармен қамтамасыз ету және туберкулезге қарсы диспансерлерде диспансерлік есепте тұратын адамдарды диспансерлік бақылауға;
3) туберкулезбен ауыратын нақастарға әлеуметтік-психологиялық және паллиативтік көмек көрсетуге арналған шығындарды көздейді.
Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсеткені үшін ақы төлеу республикалық ұйымда бір төсек-күн тарифі бойынша стационарлық алмастыратын медициналық көмек көрсеткені үшін жүзеге асырылады.
Ескерту. 186-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есепті кезеңде туберкулездін белсенді науқастардың орташа тізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күніне "ТАҰТ" АЖ-да тіркелген туберкулезбен ауратын науқастардың санын қосу арқылы және алынған соманы айдың күнтізбелік күндер санына бөлу арқылы айқындалды.
Ескерту. 188-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"ТАҰТ" АЖ-да белсенді туберкулез бар адамдарды тіркеу (қайта тіркеу), есепке қою және есептен шығару;
"ДҚ" АЖ-да туберкулезге қарсы препараттардың жұмсалуын тіркеу негізінде жүзеге асырылады.
1) № 907 бұйрықпен бекітілген емдеудің аяқталуы туралы № ТБ 01/е нысанындағы немесе ТБ 01/е – IV санат нысанындағы бастапқы медициналық құжаттаманың нысандары;
2) АХАТБ органдарынан келіп түсетін қайтыс болу туралы мәліметтер;
3) БХТ тіркелген туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болуы туралы куәлік;
4) "ТАҰТ" АЖ-да туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болу жағдайын тіркеу фактісі;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген ТБ 01/е нысаны бойынша белгіленген туберкулезбен ауыратын науқастың басқа өңірге кетуін растау;
6) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кету;
7) емдеудің үзілуі туралы (2 (екі) ай бойы емнің болмауы) № ТБ 01/е нысанындағы немесе ТБ 01/е – IV санат нысанындағы медициналық картаның деректері негізінде жүзеге асырады.
Туберкулезбен ауыратын белсенді науқастарды есептен шығарылуын тіркеу нәтижелелері бойынша "ТАҰТ" АЖ-да автоматтандырылған режімде белсенді науқастардың есебінен шығарылған туберкулезбен ауыратын науқастардың тізімдері қалыптастырылады.
Ескерту. 192-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) күн сайын № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 003/е, 025/е нысандары бойынша деректерді күн сайын енгізу және растау. Гистологиялық және патоморфологиялық зерттеулердің нәтижелерін енгізу жағдайларын қоспағанда, енгізудің дұрыстығы расталғаннан кейін "СНЭТ" АЖ-да деректер түзетуге жатпайды.
2) пациент стационардан емделіп шыққан күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 027/е, № ТБ 01/е немесе № ТБ 01 – IV санаттағы нысандарды қалыптастыру;
3) есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 30 (отызыншы) күніне дейін мынадай:
осы Қағидаларға 81-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсету кезіндегі кірістер құрылымы;
осы Қағидаларға 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсету кезіндегі шығыстар құрылымы;
осы Қағидаларға 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлерге сараланған ақы төлеу;
осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
осы Қағидаларға 85-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсетуге арналған аванстың жоспарлы сомасыны бөлу туралы ақпаратты қамтитын есептерді қалыптастыру үшін қажетті деректерді енгізу.
"ОНЭТ" АЖ-да осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, қызметтер берушіге ағымдағы есепті кезеңдегі науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсеткені үшін шот-тізілімді қалыптастыру көрсетілген деректерді енгізгенге дейін жүргізілмейді.
Өнім беруші қордың сұранымы бойынша бастақы бухгалтерлік құжаттардың көшірмесін ұсынады, оның негізінде осы тармақта көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылады.
Ескерту. 193-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрықтарымен.
Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 195-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16831 болып тіркелген) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен туберкулезге қарсы препараттарды жіберуді тіркеу үшін туберкулезге қарсы диспансерлер олармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге өтеусіз шарттар жасасады. Өтеусіз азаматтық-құқықтық шарт бойынша туберкулезге қарсы препараттарды жіберуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары "ДҚ" АЖ-ға туберкулезге қарсы препараттардын шығынын енгізеді және растайды.
1) осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
2) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі;
3) осы Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек медициналық қызметтерінің сапасы мен көлемін мониторингтеу актісі;
4) осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлық қатысушылардың медициналық қызметтердің сапасын мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша ақы төлеуіне және ақы төлеуге жатпайтын, оның ішінде ішінара ақы төлеуіне жатпайтын емдеуге жатқызу жағдайларының тізілімі қалыптастырылады.
Ескерту. 198-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. АИТВ жұқтырғандарға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1) ақы төлеу бір АИТВ жұқтырған және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқасқа арналған кешенді тариф бойынша;
2) № 666 бұйрыққа сәйкес және олардың шекті құнынан аспайтын антиретровирустық препараттардың нақты (сатып алу) құны бойынша медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларына сәйкес антиретровирустық препараттармен қамтамасыз еткені үшін жүзеге асырылады.
Консультациялық-диагностикалық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымына ақы төлеу бір медициналық қызмет көрсеткені үшін уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 202-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.02.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) АИТВ жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастарды консультациялық-диагностикалық көмектің АЕК нысанында білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуді, оның ішінде анадан ұрыққа және ерте жастағы балаға АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды;
2) құпия медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз етуді, психикалық-әлеуметтік, заңи консуьтацияларды ұсынуды, сенім пункттерінің, достық кабинеттерінің жұмыс істеуін, халық арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды іске асыруды;
3) уәкілетті орган бекіткен АИТВ жұқтырудың жоғары қаупі бойынша халықтың әлсіз топтарына жататын адамдардың арасында емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізуді;
4) стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек пен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің пациенттері үшін АИТВ инфекциясына арналған зертханалық зерттеулер талдаулар жүргізуді қамтиды.
Республикалық денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидаларға 93-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының АИТВ-жұқтырғанға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық әлеуметтік көмек көрсеткені үшін шот-тізілімдерді қалыптастырады.
Ескерту. 207-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.11.2019 № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен.
1) АИТВ жұқтырғандардың және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастардың есепке қойылуын және есептен шығарылуын тіркеу (қайта тіркеу);
2) "ДҚ" АЖ-да қамтамасыз етілген антиретровирустық препараттар рецептілерін тіркеу негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 208-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.02.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) АИТВ инфекциясының зертханалық диагностика алгоритмі бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарға жіберілген АИТВ инфекциясының бар болуы туралы расталған нәтиже;
2) тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты пациентті ауыстыру туралы басқа ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықты хабардар ету негізінде ҚР-ның өзге әкімшілік-аумақтық бірлігінен АИТВ жұқтырғанның және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастың келуі, сондай-ақ бұрын белгіленген АИТВ/ЖИТС диагнозы бар шетелден ҚР аумағында тұрақты тұруға келген ҚР азаматтары, оралмандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың незігінде жүзеге асырылады.
1) басқа ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа есепке қою және диспансерлік байқау үшін тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты пациентті ауыстыру туралы хабарламаны жолдай отырып, АИТВ жұқтырғанның және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастың ҚР әкімшілік-аумаутық бірлігінің қызмет көрсететін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтан тысқары кетуі;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ресми деректері;
3) АХАТБ органдарынан келіп түскен қайтыс болу туралы мәліметтер;
4) БХТ тіркелген АИТВ жұқтырғандардың және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастардың қайтыс болуы туралы куәлік;
5) АИТВ жұқтырғандардың және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастардың қайтыс болу жағдайын "СНЭТ" АЖ-да тіркеу фактісі негізінде жүзеге асырады.
1) осы Қағидаларға 81-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсеткен кездегі кірістердің құрылымы туралы ақпаратты;
2) осы Қағидаларға 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсеткен кездегі шығыстардың құрылымы туралы ақпаратты;
3) осы Қағидаларға 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлерге сараланған ақы төлеу туралы ақпаратты;
4) осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау туралы ақпаратты;
5) осы Қағидаларға 85-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметтер көрсетуге арналған аванстың жоспарлы сомасын бөлу туралы ақпаратты ұсынады.
Осы тармақта көзделген ақпаратты ұсынбаған жағдайда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығына, республикалық денсаулық сақтау ұйымына есепті кезеңдегі көрсетілген қызметтердің актісін қалыптастыру көрсетілген ақпаратты ұсынғанға дейін жүргізілмейді.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, республикалық денсаулық сақтау ұйымы қордың сұрау салуы бойынша осы тармақта көрсетілген ақпаратты қалыптастыру жүзеге асырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
1) Осы Қағидаларға 94-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АИТВ жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасын (бұдан әрі – АИТВ/ЖИТС жағдайында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасы) Қор қалыптастырады.
2) Республикалық денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидаларға 95-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АИТВ-жұқтырғанға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасын қалыптастырады.
Сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелері бойынша:
1) осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы мониторингтен өткен, амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған, көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер тізілімі;
2) осы Қағидаларға 24-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мониторингтен өткен, амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған, көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер тізілімі;
3) осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған, консультациялық-диагностикалық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтің актісі қалыптастырылады.
Өткен есепті кезеңде қайтыс болу күні тіркелген АИТВ жұқтырғандарды және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастарды қайтыс болу себебі бойынша ағымдағы есепті кезеңде есептен шығарған жағдайда, ақы төлеу пациенттің қайтыс болуын уақтылы тіркемегені үшін сома шешіле отырып, жүзеге асырылады. Уақтылы тіркемегені үшін ақы төлеуден шешілетін сома төлеу Бірыңғай ақаулар жіктеліміне сәйкес күніне туберкулезбен ауыратын бір науқасқа арналған кешенді тариф бойынша қайтыс болған күнін тіркеген күннен бастап туберкулезбен ауыратын науқастың есепте тұрған әрбір күнтізбелік күні үшін есептелген соманы және айыппұл санкцияларын шешуді ескере отырып, есепті кезеңде жүзеге асырылады.
Ескерту. 213-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
213-1. АИТВ жұқтырғанды және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастың қайтыс болуы туралы мәліметтерді уақтылы есептен шығармағаны және уақтылы тіркемегені үшін айыппұл санкцяларын төлеу кезінде қайтыс болғаннан кейін тіркелген АИТВ жұқтырғанға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқасқа, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қайтыс болған АИТВ жұқтырғанға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқасқа қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 213-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап
шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
1) психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамдардың психикалық және мінез-құлықтың ауытқуларының (аурулардың) профилактикасына, психикалық денсаулығын зерттеп-қарауға, психикалық бұзулуларының диагностикасына, оларды емдеуге, күтуге және медициналық-әлеуметтік оңалтуға бағытталған қызметтерге;
2) диспансерлік есепте тұрмайтын азаматтардың психикалық және мінез-құлықтың ауытқуларының (аурулардың) профилактикасына, психикалық денсаулығын зерттеп-қарауға бағытталған қызметтерге;
3) психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамдарға жедел медициналық көмек, амбулаторлық-емханалық көмек, консультативтік-диагностикалық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысандарында білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде әлеуметтік-еңбек оңалту көрсету, оның ішінде мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану туралы туралы сот шешімі бойынша стационарлық емдеуге арналған шығындарды қамтиды.
Есептік кезеңде санына психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастардың орташа тізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күнінде "ПНЭТ" АЖ-да тіркелген санына психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастар санын қосу және алынған санды аталған есепті кезеңдегі айдың күнтізбелік күндер санына бөлу арқылы есептеледі.
Ескерту. 220-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қор "ОНЭТ" АЖ "Қаржы блогы" модуліндегі "Шарттың талаптары" қосымша бетінде деректерді енгізеді, оларды растайды және бар болса көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қосымша келісімдердің көшірмелерін бекітеді.
1) психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамдардың есепке қойылуын;
2) психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамдардың есептен шығарылуын;
3) психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету жағдайларын тіркеудің (қайта тіркеудің) негізінде қамтамасыз етіледі.
1) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың № 030-2/е, № 25/е нысандарының;
2) пациенттің (немесе оның заңды өкілінің) медициналық зерттеп-қарауға жазбаша келісімінің;
3) тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты пациентті ауыстыру туралы басқа психиатриялық ұйымды хабардар ету негізінде белгіленген ҚР-ның өзге әкімшілік-аумақтық бірлігінен психикалық бұзылулардан (аурулардан) зардап шегетін адамдардың келуі, сондай-ақ бұрын белгіленген психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар шетелден Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуінің негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 223-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамның сауығуы туралы психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы;
2) БХТ порталында тіркелген психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамның қайтыс болуы туралы куәлік;
3) қызмет көрсететін психиатриялық ұйымнан тысқары кетіп, тұрақты тұрғылықты жерінің өзгеруі;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының ресми деректері;
5) АХАТБ органдарынан келіп түсетін қайтыс болуы туралы мәліметтер;
6) 12 (он екі) ай ішінде психикалық ауытқулардан (аурулардан) зардап шегетін адамның орналасқан жері туралы қандай да болсын дұрыс мәліметтердің болмауы;
7) бас бостандығынан айыруға байланысты расталған сотталу фактісі (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сұрау салуға жауап алғаннан кейін 3 айдың ішінде есептен шығару жүргізіледі);
8) хабарсыз кеткен деп тану немесе қайтыс болуы туралы хабарлама негізінде жүзеге асырады.