"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 38 бұйрығы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

2020  жылға арналған операциялық

жоспарын бекіту туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы             10 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Жоспарда айқындалған іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жауапты хатшы                                                        Б. Жақселекова

Бұйрық
Дата публикации
23 января 2020