«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында жедел

медициналық көмек көрсету қағидаларын

 бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы 3 шілдедегі № 450

бұйрығына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы                                      1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шақыртулардың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізілетін, ЖМКС диспетчері шақыртуды алған сәттен бастап қызмет көрсету үшін шақыртуды өңдеу уақыты бес минутты құрайды.»;

11-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі деңгейінде қызмет көрсетіледі. 20 000 адамнан кем тіркелген халқы бар МСАК ұйымдарында 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету осы қызметті медициналық ұйымдарға аутсорсингке немесе «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-қосымшасының 15-жолына сәйкес жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субьектілеріне беру арқылы жол беріледі.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Пациент ауырған және учаскелік дәрігердің, фельдшердің немесе ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі дәрігерінің пациентке белсенді баруы қажет болған жағдайда ЖМК бригадасының фельдшері немесе дәрігері МСАК ұйымына ақпаратты (активті) ұсынады және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 907 бұйрық) № 110-1/е нысаны бойынша дабыл парағын толтырады.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Бірінші топтың пациенттері қарқынды терапия палатасына келіп түседі, мұнда реаниматолог жедел медициналық жәрдем мамандары жүргізген реанимациялық көмек көрсетуді жалғастырады. Шұғыл операция жасалған жағдайда реаниматолог жалпы наркозды, өңірлік анестезияны, қабылдау бөлімшесінің операция бөлімінің жағдайында жергілікті анестезия жүргізеді, одан әрі пациенттің оянуы үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне тасымалдайды.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Облыстық ЖМКС құрылымына ЖМК станциясы (білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық автокөлікпен тасымалдауға байланысты ЖКС және медициналық көмек көрсететін), ЖМК кіші станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және санитариялық авиация бөлімшелері кіреді. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС құрамына ЖМК станциясы және ЖМК кіші станциялары кіреді.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. ЖМК мамандары әрбір 2 жыл сайын жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық танылған стандарттары бойынша оқытудан өтеді: «Базалық реанимация» – Basic Life Support (BLS), «Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» – Advanced Cardiac Life Support (ACLS), «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» – Pediatric Advanced Life Support (PALS), «Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету» – Prehospital Trauma Life Support (PTLS), «Неонаталдық реанимация» – Neonatal Resusсitation Program (NRP). Практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі облыстық және қалалық жедел медициналық көмек станциялардың мамандары облыстық және қалалық ЖМКС базасында симуляциялық кабинеттер ұйымдастырады.

Симуляциялық кабинет оқу-көрнекі құралдармен, пән бойынша практикалық сабақтарға арналған құрылғылармен, сондай-ақ осы Қағидаларға          5-қосымшаға сәйкес симуляциялық жабдықтардың ең төменгі тізбесімен жарақталады.»;

мынадай мазмұндағы 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66. 67, 68 - тармақтармен толықтырылсын:

«52. Санитариялық авиация бөлімшесі медициналық қорытынды алу, білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық автокөлікпен тасымалдауға байланысты емдеу тәсілі мен медициналық көмекке және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекке көрсетілімдерді айқындау үшін телемедициналық қызметтерді ұйымдастырады.

  1. ЖМК мамандарын оқыту халықаралық деңгейдегі сертификаты бар нұсқаушыларды және (немесе) жаттықтырушыларды тарта отырып жүргізіледі.
  2. Оқудан өткен ЖМК мамандары тіркеу нөмірі беріле отырып, тиісті сертификаттар алады.
  3. Көшпелі бригадалардың жүргізушілері және кіші медицина персоналдары халықаралық стандарттарға сәйкес әрбір 2 жыл сайын тиісті сертификат ала отырып базалық реанимация және алғашқы көмек көрсету - Basic Life Support (BLS) дағдыларына оқытудан өтеді. Көшпелі бригадалардың жүргізушілері қосымша қауіпсіз жүргізу бойынша оқытудан өтеді.
  4. Санитариялық автокөлік «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Кеден одағы комиссиясы шешімінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келеді.
  5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ЖМК көрсететін медициналық ұйымдардың санитариялық автокөліктерінде «103», «Скорая медицинская помощь», «Медициналық жедел жəрдем», «Medisinalyq jedel járdem» және «Ambulance» жазулары бар.
  6. Түсті-графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс дабылдары мемлекеттік заңды тұлғаларға жататын және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің ЖМК санитариялық автокөлігіне салынады.
  7. Санитариялық автокөлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру кезінде негізгі жабдықтарды уақытша алмастыру үшін (жоспарлы техникалық қарау, аккумулятор батареяларын қуаттандыру, дезинфекциялық өңдеу, жөндеу және т.б.) қосымша медициналық жабдықтарды сатып алу көзделген. Бұл мақсатта сатып алу 1,25 коэффициентін (әрбір 4 бірлік медициналық жабдыққа тиісті медициналық жабдықтың қосымша 1 бірлігі сатып алынады) есепке алумен жүзеге асырылады. Егер медициналық бұйымның жалпы саны 4 данадан кем болса, тиісті бұйымның 1 бірлігі қосымша сатып алынады.
  8. Пациенттерді отырған қалыпта тасымалдау үшін пациенттерді баспалдақпен түсіруге/көтеруге арналған, санитариялық автокөлік қабырғасына арнайы бекіткіші бар мамандандырылған құрылғы пайдаланылады.
  9. ЖМКС шақыртуларды қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйесі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесімен, МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелерімен және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен біріктірілген.
  10. Шақыртуды қабылдау және жеделділік санатын айқындау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады.
  11. ЖМК бригадасының шығуын талап етпейтін жағдайларда ЖМК диспетчері немесе ауысымның аға дәрігері пациентке медициналық көмекке жүгіну үшін медициналық ұйымның үйлестірушілерін (мекенжайын, телефонын) ұсынады немесе ақпаратты аға дәрігерге не консультантқа консультация жүргізу үшін береді.
  12. Төтенше жағдай кезінде диспетчер диспетчерлік қызметтің аға дәрігеріне, облыстық ЖМКС және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС басшылығына облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органы (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бекіткен хабарландыру сызбасы бойынша баяндайды.
  13. Қалалық автокөлік қозғалысы анағұрлым көбейген уақытта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМК қосымша бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылады. Қоғамдық іс-шараларды өткізу және өзге де жағдайлар кезінде халыққа қызмет көрсету үшін кезекшілік шарт негізде жүзеге асырылады.
  14. ЖМК бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей шақыруға қызмет көрсетеді.
  15. ЖМК мамандарының пациенттерге қызмет көрсету орындарында және қабылдау бөлімшесінің медициналық персоналына бергенге дейін пациентті стационарға тасымалдау барысында қоршаған жағдайды аудио-бейне фиксациялауға арналған дербес мобильдік камералары болады.
  16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.»

2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және              2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

 

 

Аты-жөні

 

бұйрық
Дата публикации
06 февраля 2020