«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға
арналған Стратегиялық жоспарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына, «2020-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушы З.С. Байғаскинаға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Цой