Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1218 Қаулысы

 

"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 6 ақпан N 49-52 (25449)

 

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1218 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң миссиясы және пайымдау
      2. Ағымдағы ахуалды талдау
           3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қызметiнiң стратегиялық бағыттары, даму мақсаты және негiзгi индикаторлары
           4. Функционалдық мүмкiндiктер және қатер-менеджментi
           5. Негiзiнде Стратегиялық жоспар әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
           6. Бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi

       Миссиясы. Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыруға жәрдемдесу
       Пайымдау. Лайықты еңбектiң iлгерiлеуiн және әлеуметтiк қорғаудың конституциялық кепiлдерiнiң iске асырылуын қамтамасыз етушi мемлекеттiк орган

Стратегиялық жоспар
Дата публикации
02 февраля 2020