Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2342 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 27 ақпандағы № 76-77 (25923); "Казахстанская правда" от 17.04.2010 г., № 94-96 (26155-26157)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2342 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
Миссиясы
Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.
Пайымдауы
Лайықты еңбектiң iлгерiлеуiн және әлеуметтiк қорғаудың конституциялық кепiлдерiнiң iске асырылуын қамтамасыз етушi мемлекеттiк орган.