Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2011 жылғы «28» желтоқсандағы №1617 қаулысымен бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң

2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

Мазмұны

 

1-бөлім. Миссия және пайымдау

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерi

3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар мен нәтиже көрсеткiштерi

4-бөлім. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту

5-бөлім. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл

6-бөлім. Қатерлердi басқару

7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар

 

 

1-бөлім. Миссия және пайымдау

 

Миссия

 

      Еңбек құқықтарын қорғау, жұмыспен нәтижелі қамтуға және халықтың    әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.

 

Пайымдау

 

      Өмiр сүру деңгейi мен сапасын лайықты жұмыспен қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мақсаты, міндеттері және қызметінің бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары (2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – дамуға», 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»), Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 – 2015 жылдары экономиканың 7 % өсімін қамтамасыз ету жөніндегі жоспары негізінде айқындалды.

Осыларға сәйкес әлеуметтік-еңбек саласын басқару тұрақты экономикалық дамуға жәрдемдесуге, әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің тиімді қызмет етуіне  және адам капиталын дамытуға бағытталған.

Осыған орай, Министрліктің алдағы уақыттағы жұмысының негізгі бағыттары мыналар болады:

  • еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу;
  • жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу;
  • азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу;
  • халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Стратегиялық жоспар
Дата публикации
02 февраля 2020