Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына қосылған әлеуметтік-еңбек саласы бойынша көрсеткіштер есебінің әдістемесін бекіту туралы бұйрық

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына қосылған әлеуметтік-еңбек саласы бойынша көрсеткіштер есебінің әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев бекіткен 2013 жылғы 4 наурыздағы № 20-20/004-527 Мемлекеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік статистикамен үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-6 қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына қосылған әлеуметтік-еңбек саласы бойынша көрсеткіштер есебінің әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

          Министр                                                                   Т. Дүйсенова

Бұйрық
Дата публикации
02 февраля 2020