" Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 -2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің   2014 – 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар)  бекітілсін.
  2. Стратегиялық даму департаменті

1) күнтізбелік 5 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында Стратегиялық жоспардың орналастырылуын;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайын есептік жылдан кейін жылдың 20 ақпанда Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептің Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қүшіне енеді.

 

 

Министр                                                                            Т. Дүйсенова

Бұйрық
Дата публикации
02 февраля 2020