"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 573 бұйрығы

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынаенгізілгенденсаулық сақтау жүйесініңкөрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

«Мемлекеттік статистика туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына жәнеҚазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.А. Сағынтаев бекіткен2014жылғы5 желтоқсандағы № 20-20/004-527,04-212 (7.2.7-т.)ҚБПҮМемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мемлекеттік статистикамен  синхрондаудықамтамасыз ету жөніндегі жол картасының   6-тармағына (екінші кезең)сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаменті 2015 жылғы 10 шілдеге дейін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініңинтернет-ресурсында жариялауды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы
    А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                        Т. Дүйсенова

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық  экономика  министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

___________ Ә. Смайылов

2015 жылғы«     »

Бұйрық
Дата публикации
02 февраля 2020