Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қараудың 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

Қолданыстағы реттегіш құралдарды

қайта қараудың 2021 жылға арналған

жоспарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 83-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 99377 болып тіркелген) бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қараудың 2021 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті:

1) Жоспарда белгіленген мерзімдерде қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарауды;

2) Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында заңнамада белгіленген мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушы З.С. Байғаскинаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                   А. Цой

 

бұйрық
Дата публикации
29 декабря 2020