"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 61) тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 63 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсында жариялауды;
  • осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М. Е. Шорановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                                                А. Цой

Бұйрық
Дата публикации
28 декабря 2020