Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 78-бабы 1-тармағының                     4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыскүні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделгеніс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

 

А. Цой

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

 «____»___________20__ жыл

бұйрық
Дата публикации
25 декабря 2020