Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқарма төрағасы – директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.
Қоғамның орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 15.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау жүйесінің заманауи жетістіктерін (гигиена, еңбек медицинасы және өндірістік экология салаларында) қолдану, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халықтың кәсіби денсаулығын сақтау және еңбек ұзақтығын арттыруға бағыттау арқылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қолдау көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мыналар:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар;
2) сотталған немесе сотталмаған, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшырамаған тұлғалар, кісі өлтіру, қасақана денсаулыққа зиян келтіру, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, жыныстық қол сұғылмаушылыққа, экстремистік немесе террористтік қылмыстар, адам саудасы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
3) еркін нысанда баяндалған автобиография;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-тармағына сәйкес жұмыскердің еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепті медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік мемлекеттік тіркеу құқықтық актілердің тізілімінде № 21579 тіркелді).
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымы және т.б.) қосымша ақпарат бере алады.
7) Қоғамның даму бағдарламасы;
8) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшесінің берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының болмауын растайтын құжат.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылуға тиіс.