Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
n.assylbekov@sk-pharmacy.kz
Аккаунты соц. сетей:
Асылбеков Нұрлыбек Абиболлаұлы
«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы
Общая информация, образование

Нұрлыбек  Абиболлаұлы Асылбеков 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі бар:  1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалын «Фармация» мамандығы бойынша бітірген;   2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған;  2006 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған. 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға сіңірген еңбегі үшін марапатталған: 

- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2006 ж.); 

- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2018 ж.); 

- «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.).

Карьера

1990 – 1991 - «Фармация» РПП, провизор-технолог;

1991 – 1994 - «Фармация» РПП, Сузақ ауданы, Шымкент облысы – директордың орынбасары;

1994 –1999 - «Фармация» АҚ аудандық филиалы, Сузақ ауданы, Шымкент облысы – директордың орынбасары;

1999 – 2000 - «Фармация» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысы – ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі бас маман;

2000 – 2002 - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты – қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы;

2002 – 2002 - Жұмыссыз, Астана қаласы;

2002 – 2002 - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы – басқарма бастығының м.а.;

2002 – 2004 - ҚР ДСМ Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы – басқарма бастығы

2004 – 2006 - ҚР ДСМ Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы – облыстың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы, басқарма бастығы;

2006 –2006 - Алматы қаласы фармацевтикалық бақылау басқармасы – бөлім басшысы;

2007 – 2008 - ҚР ДСМ Фармация комитеті – дәрілік заттардың сапасын бақылау бөлімінің басшысы;

2008 –2 009 - ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы – бас сарапшы;

2009 – 2009 - ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті – директор;

2009 – 2012 - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті – директор;

 2012 – 2013 -  ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі – бас сарапшы;

2013 –2015 -  ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімі – бас инспектор;

2015 – 2017 - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті – басшы;

2017 – 2017 - ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті – басшы;

2017 – 2017 - ҚР ДСМ Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті – басшы;

2017 – 2019 - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті – төраға орынбасары;

2019 – 2020 - ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті – төраға орынбасары;

2020 – 2020 - ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті – төраға орынбасарының м.а.;

2020 – 2020 -  ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті – төраға орынбасарының м.а.;

2020 – 2021 - Нұр-Сұлтан қаласы – төраға орынбасарының м.а.;

2021 – 2022 - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті – басшы;

2022 – 2024 - Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы – басшы;

2024 – 2025 - Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы – басшы

2025 – қазіргі күнге дейін «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы