
Балтабекова Динара Жұмағалиқызы, 1981 жылы 27 тамыз күні Қостанай қаласында, Қостанай облысында дүниеге келген.
2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы 9 қыркүйекте А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде бастап, ассистент, оқытушы, аға оқытушы ретінде азаматтық құқық кафедрасында 2008 жылғы 26 наурызға дейін жұмыс істеген.
2008 – 2021 жж. – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ, әкімшілік-заң бөлімінің басшысы.
17.05.2021 – 18.08.2022 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы.
22.08.2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заң департаменті директордың орынбасары.