Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
d.kobzhasarov@dsm.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Көбжасаров Дамир Асланұлы
Стратегия және даму департаменті директоры
Общая информация, образование

II. Білімі:

2008 жыл – дәрігер-гигиенист-эпидемиолог (М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы)

2015 жыл – экономика және бизнес бакалавры (С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті)

2018 жыл – АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC USA) қолданбалы эпидемиология бойынша екі жылдық бағдарламасының курсанты

2021 жыл – денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша Executive MBA (EMBA) (ALMA University)

III. Кәсіби тәжірибесі:

2008 жылы Ақтөбе облысының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бас маман қызметінен еңбек жолын бастап, кейін карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде сарапшы, кейін бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары, кейін директоры болып тағайындалды.

2021 жылы «ҚазҰМУ» КЕАҚ Стратегиялық даму департаментінің бас талдаушысы ретінде еңбек қызметін жалғастырды.

2022 жылы Ұлттық салауатты тамақтану орталығының атқарушы директоры қызметін атқарды.

2023–2026 жылдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Стратегия департаментінің директоры, кейін басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2026 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы директорының орынбасары болып тағайындалды.

-2026 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және даму департамент директоры

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы