GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
12 октября 2026
Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен Жетісу облысының Азаматтарды қабылдау орталығында жеке және заңды тұлғалардың қабылдауының 2026 жылғы 4 тоқсанға арналған кестесі

№

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ж.

 

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Байланыс телефоны

 

 

 

1

Жетісу облысының

санитариялық-

эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Чарапиев

Асхат

 Сакенұлы

 

Департамент басшысы

 

22 қазан

(сағ. 17:00 – 18:00)

19 қараша

(сағ. 17:00 – 18:00)

22 желтоқсан

(сағ. 15:00 – 16:00)

8 (7282) 30-92-05

8-777-030-70-90

 

 
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
09 октября 2026
ЖРВЖ-ң, тұмаудың жаңа эпидемиологиялық маусымы 1-қазаннан басталуына орай алдын алу шаралары ұйымдастырылып, жүргізілуде

Тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Жетісу облысында 2026ж. 05 қазаннан «Тұмауға қарсы егілейік» акциясы ұйымдастырылуда, тұмауға қарсы иммундау басталды.
Акцияға облыс Әкімінің орынбасары М.Көлбаев, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Ұлттық сараптама орталығы» Жетісу облысы бойынша филиалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен мамандары қатысты.
Жыл сайын жергілікті бюджеттен иммундауға жататын контингенттерді егуге қаржы бөлінеді. Биылғы 2026-2027жж. эпидемиялық маусымда Жетісу облысына жергілікті бюджеттен барлығы 82 500 доза (облыстық денсаулық сақтау басқармасы – 80 000 доза, Кербұлақ, Көксу аудандық орталық ауруханалары – 2500 доза) тұмауға қарсы вакцина сатып алынды, облыс халқының 12%н астамын қамту жоспарланды. Вакцина Ресей Федерациясында өндірілген, «Гриппол плюс» деп аталады.
Иммундау бірінші кезекте қауіпті топтағы адамдарға жүргізіледі: ұйымдасқан жабық мекемелердегі (балалар үйі, мүгедектер, қарттар үйі, мектеп-интернаттары) адамдар, жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар, созылмалы аурулары бар ересек адамдар, медициналық қызметкерлер, 2-ші, 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
30 сентября 2026
Аяқ киімді таңдағанда не білу қажет?

Аяқ киім сатып алғанда біз көбіне оның сыртқы келбеті мен бағасына ғана назар аударамыз. Дегенмен, аяқ киімді таңдауға өте жауапкершілікпен қарау керек: біз киетін аяқ киімнің сапасына денсаулығымыз тікелей байланысты.

Қауіпсіз әрі сапалы аяқ киімді таңдауға көмектесетін негізгі ұсыныстар осылар. Аяқ киім сатып алғанда мыналарға назар аударыңыз:

- Үстіңгі, астарлық және астыңғы бөлігінің материалалы. Өнімнің тегшесінде  немесе жапсырмасында пайдаланылған материалдардың түрі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Өңделмеген тігістерді немесе, мысалы, бәтеңкенің «тілін» тексеріп көріңіз: табиғи материал түкті және ұстағанда жұмсақ болады. Сапалы аяқ киімнің түсі біркелкі әрі қанық болуы керек, дақтар мен іздер болмауы тиіс. Аяқ киім алғаш ұстағанда қолдың терісін боямауы керек.

- Иісі. Сапалы аяқ киімде химиялық заттардың, еріткіштердің немесе желімнің өткір жағымсыз иісі болмайды. Одан жеңіл иіс шығады (мысалы, табиғи былғарының иісі) немесе мүлдем иісі болмайды. Өткір химиялық иіс төмен сапаны ғана емес, сонымен бірге денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін білдіреді.

- Табаны. Сапалы аяқ киімнің табаны жұмсақ әрі иілгіш болады. Аяқ киімді қолыңызға алып, тұмсығын өкшесіне жақындатып бүгіңіз: сапалы өнімнің табаны оңай иіледі, содан кейін онда қатпарлар мен жарықтар қалмайды. Қысқы аяқ киімнің табанында (мысалы, полиуретаннан жасалған) тайғанамау үшін терең өрнекті (бұдырлы) беті болуы тиіс.

- Ішкі өңделуі мен ұлтарақтар. Арзан аяқ киімде жиі қолданылатын жасанды материалдар (былғары алмастырғыштар және ұлтарақтың астындағы поролон) ауа өткізбейді. Сапалы үлгілерде ұлтарақтар былғарыдан немесе басқа сенімді, ауа өткізетін материалдардан жасалады. Олар тегіс, кемшіліксіз болуы және кептіру үшін оңай алынуы керек. Ішкі тігістері ұқыпты әрі тегіс болуы тиіс.

- Таңбалануы. Өнімдегі, ярлықтағы, қаптамадағы немесе парақша-қосымшадағы ақпарат шынайы әрі оңай оқылатын болуы тиіс. Міндетті таңбалауға мыналар кіреді: өнімнің атауы мен өлшемі; шикізат құрамы; дайындаушы елдің атауы; дайындаушының, сатушының немесе уәкілетті тұлғаның атауы мен заңды мекенжайы; тауар белгісі (бар болса); Кеден одағына (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісі; дайындалған күні және партия нөмірі (қажет болған жағдайда); дайындаушының кепілдік міндеттемелері.

Қосымша мыналар көрсетіледі: өнімнің моделі және/немесе артикулы, материалдардың түрлері (үстіңгі, астарлық, астыңғы) және күтім жасау жөніндегі нұсқаулық (қажет болған жағдайда).

- Сәйкестік құжаттары. Сіз сатушыдан аяқ киімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты талап етуге құқылысыз. Аяқ киім үшін мұндай құжат сәйкестік декларациясы болып табылады.

Осы қарапайым ұсыныстарды сақтау сізге әдемі ғана емес, сонымен бірге денсаулыққа қауіпсіз тауарды сатып алуға көмектеседі.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
30 сентября 2026
28 қыркүйек - Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні

Жыл сайын әлемде бұл аурудан 300 мыңға дейін адам мен миллионға жуық жануар өледі. Құтырма Қазақстан Республикасындағы ауыр аурулардың бірі болып табылады.

Құтырма – аса қауіпті инфекциялық ауру, оның қоздырғышы вирус, жүйке жүйесін зақымдап, дерттің соңы алдын ала егу жүргізілмесе әрқашан науқастың өлімімен аяқталады. Ауыздан көбіктенген сілекей ағу, агрессивті іс-әрекет, жүйке ұстамалары – бұлардың барлығы құтырма вирусымен шақырылатын аса қауіпті аурудың белгілері.

Жұқпа көзі жабайы жануарлар: қасқыр, түлкі және т.б., сонымен бірге үй жануарлары да бола алады, олар: ауылшаруашылық малдары (ірі мүйізді мал, ұсақ  мүйізді мал, жылқы, шошқа) және үй жануарлары (ит, мысық).

       Құтырма ауру жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейлеуінен жұғады.

Жануардың ауру екенін бірден байқауға болады деген түсінік қателік. Кейде вирус жануардың сілекейімен ауру белгілері пайда болған уақыттан 3-10 күн бұрын бөліне бастауы мүмкін. Көптеген жағдайда адамдар ит қауып алғанда сау болған деп, дәрігерге бармайды. Мұндай жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінбей, соңы қайғылы аяқталып жатады.

          Аурудың жасырын кезеңі 7 күннен 1 жылға дейін созылады. Жасырын кезеңнің ұзақтығы жарақаттың түскен жеріне, ауырлық дәрежесіне, ауырған адамның жасына (ересектерге қарағанда, балаларда қысқа уақыт болады), жануардың түріне  байланысты.

Аурудың алғашқы белгілері: тістелген жердің қышуы, жазылған жарақаттар мен тыртықтардың қайтадан қабынуы. Құтырмамен ауырған адам тұйық болады, адамдармен араласудан қашады, ұйқысы бұзылып, әлсіздік пайда болады.

Аурудың бастапқы кезеңі өткеннен кейін дене қызуы көтеріледі, суды көргенде немесе есіне түсіргенде жұтынуы бұзылуы мүмкін. Көп ұзамай аэрофобия, яғни ауаның кез-келген қозғалысы, науқаста қылқынумен жалғасатын  ұстамаға әкеліп соғады, ондай жағдай жарық түскенде (фотофобия), қатты дыбыстан (акустикофобия) да болуы мүмкін. Ұстаманың соңында ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп, жүрек немесе тыныс алу орталығының салдануынан науқас қайтыс болады. Аурудың орташа ұзақтығы 3 – 8 күнді құрайды.

Құтырманың алдын алу үшін әрбір адам иттер немесе басқа жануарлардан  жарақат алған жағдайда сабынды су ерітіндісімен жараны жуып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Барлық емханалар кез келген жануарлардан жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсетеді.

Антирабиялық екпені травматологиялық немесе хирургиялық кабинеттер жүргізеді. Вакцинация 3 немесе 5 екпеден тұруы мүмкін. Құтырмаға қарсы егуден кейін асқынуларды болдырмау үшін, егу кезінде және егуден кейін 6 айға дейін алкоголь ішімдіктерін ішуге тыйым салынады. Екпеден бас тарту қатерлі дертке алып келетінін ұмытпаңыздар.

Құтыруға қарсы негізгі профилактикалық іс - шараларға бірінші кезекте үй жануарларын құтыруға қарсы міндетті жыл сайынғы профилактикалық вакцинациялау жатады, сондай-ақ оларды ұстау ережелерін сақтау (тіркеу, тұмсықтарды қолдану, байлау және т.б.) қажет. Сонымен бірге иесіз иттер мен мысықтарды аулау  жұмыстары жүргізіледі.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
17 сентября 2026
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай салтанатты шара өтті

Шара барысында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ департамент басшысының орынбасары Самат Ахметов қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғысын білдірді.

Мерекелік шара барысында сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан көпжылдық үлесі атап өтілді.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлердің еңбегі еленіп, «Еңбек ері», «Салаға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Барша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
17 сентября 2026
«Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттері. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері. (ҚР КК 147, 148 бап.)» тақырыбында жоспар бойынша семинар өткізілді.

2026 жылғы 14 қыркүйек күні, сағат 10:00-де  Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Zoom» мобильді қосымшасы арқылы  аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттері. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері. (ҚР КК 147, 148 бап.)» тақырыбында жоспар бойынша семинар өткізілді.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
07 сентября 2026
Вакцинациядан бас тарту өмірге қауіп төндіреді

Вакцинация – өркениеттің басқа жетістіктерімен қатар үйреншікті жағдайға айналған, яғни жарық жүйесі, автокөлік, авиация, теледидар, байланыс сияқты, онсыз қазіргі өмірді елестету қиын.

Халықтың қазіргі көшіп-қонуын ескере отырып, кез келген уақытта біздің аумақта қызылша, дифтерия, полиомиелитті, ең алдымен вакцинацияланбаған және уақыт өте келе егу иммунитеті жойылған адамдарға жұқтыруға болады. Тұмау, сіреспе, көкжөтел, В вирустық гепатиті мен басқада сырқаттанушылықтардың  инфекция көздері мен қоздырғыштары айналымда болғандықтан, сіз шекарадан өтпей-ақ ауырып қалуыңыз мүмкін.

Вакцинациямен басқарылатын инфекциялық аурулардың салдары қандай болуы мүмкін? Қызылша: пневмония, отит, көру және есту нервтерінің қызылшамен  зақымдануы соқырлық пен кереңдікке әкелуі мүмкін, энцефалит, менингит - 10% жағдайда қызылша энцефалиті өлімге әкеледі.

Дифтерия: жүйке жүйесінің зақымдануы (науқастардың өміріне ең үлкен қауіп-жұтқыншақ, тыныс алу, қабырға аралық бұлшықеттер мен диафрагманың парездері мен параличтері), миокардит, жүрек бұлшықетінің қабынуы неғұрлым ерте пайда болса, соғұрлым ауыр болады және науқастың өміріне қауіп төндіреді.

Сіреспе: өлім ауаның жетіспеушілігінен болуы мүмкін (дауыс желбезегінің түйілуінен қабырға аралық және диафрагмалық бұлшықеттерге күш түседі), мидың зақымдануы - тыныс алу мен жүректің тоқтауы, сіреспе ұстамалары сүйектердің сынуы және бұлшықеттердің жыртылуымен бірге жүруі мүмкін.

Көкжөтел: ұзақ уақытқа созылған ұстамалы жөтел тыныс алудың қысылуына немесе тоқтауына, ми жасушаларының оттегі ашығуына, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына (құрысулар, сананың жоғалуы, спазмалық параличтер, миға қан кетулер), пневмонияға, құлақ қалқанының жарылуына әкелуі мүмкін.

 Тұмау: пневмония немесе өкпенің қабынуы-ең көп таралған салдардың бірі, отит, гайморит, тұмау энцефалиті, миокардит, созылмалы бүйрек, өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуі, ауыр түрінде жүкті әйелдерде, қант диабетімен ауыратын науқастарда және май алмасуы бұзылған адамдарда болады.

Эпидаротит: менингит құбылыстарымен, әсіресе орхитпен (инфекциялық сипаттағы аталық бездің қабынуы) ауыр болуы мүмкін, бұл кейіннен ер адамдардың  бедеулігін тудырады.

В вирустық гепатиті: өлім-жітімнің жоғары деңгейімен сипатталатын В вирустық гепатитінің ең қауіпті асқынуы-жедел бауыр жеткіліксіздігі, созылмалы В вирустық гепатиті қатерлі ісік пен бауыр циррозының себебі болып табылады.

Бірақ профилактикалық егулерді жүргізу қажеттілігі туралы түсіндірулерге қарамастан, иммундаудан бас тартушылардың саны артуда. Соңғы жылдары (5-7 жылмен салыстырылған кезең) бас тарту саны 2-ден 5 есеге дейін өсті. Бүгінгі таңда Жетісу облысында барлығы өсу қарқынымен (2017-2026жж. кезеңінде) профилактикалық егуден 3793 бас тарту тіркелді, оның ішінде 2026 жылдың 7 айында 476 жаңа бас тарту жағдайы есепке алынды.

Баласын вакцинациялаудан бас тартқан әрбір адам, вакцинация арқылы алдын алуға болатын инфекциялармен ауырғаны үшін ең алдымен өзі және баласына  жауапкершілік алады. Егер вакцинацияланбаған балалар мен ересектер ауырып, инфекция көзі болаынын ескерсек, онда вакцинациядан бас тартқандар - ауруды жұқтырған адамдарға моральды жауапты болады. Облыста 2026 жылдың 7 айында қызылшаның 147 жағдайы тіркелді. Жас құрылымы мен иммундық мәртебесі бойынша сырқаттанушылықтың 66,7% (98) 5 жасқа дейінгі балаларға және қызылшамен ауырғандардың 85% (125) егілмеген балалар мен егу мәртебесі белгісіз адамдарға тиесілі.

Бүгінгі күні 10 ата-ананың 3-і баласын ектірмей, иммундаудан бас тартады немесе екпені кейінге қалдырады, себебі олардың пікірінше, вакцинациядан болатын қауіп аурудан кейінгі ауыр асқынулардың пайда болу қаупінен әлдеқайда жоғары. Олар вакцинация жүргізу мен профилактикалық егулерді енгізгеннен кейінгі жағымсыз реакциялардың пайда болуы (мысалы, аутизм, бедеулік, дамудың артта қалуы және т.б.) арасындағы тікелей байланысты жоққа шығаратын көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қабылдамайды.

 Вакцинация әр мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне интеграцияланған. Қазір вакцинация әдеттегідей қабылданады, ал кей адамдар жеке құқықтарға ену деп қабылдайды. Иә, бұл баланың әрбір оныншы өлімінің себебі инфекциялық ауру болған 20 ғасырдың басы емес. Бірақ бүгінгі күні Сіз шешек немесе полиомиелиттен қайтыс болған адамды білмейсіз, Сіз полиомиелиттен кейінгі мүгедектерді көшеде кездестірмейсіз. Ал адамдар егер вакцинацияны тоқтатса, ұмытылған аурулар біздің өмірімізге оралса, не болатыны туралы ойламайды.

Сондықтан профилактикалық егулерді жүргізу үшін салмақты және ақылға қонымды шешім қабылдаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз - қажетті профилактикалық егулерді уақтылы алыңыз!

 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
03 сентября 2026
Жетісуда тұмауға қарсы екпе науқаны басталады: 80 мың доза дайын

Қазақстанда тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Осы ретте Жетісу облысында тұмауға қарсы 80 мың доза вакцина сатып алынды. Өңірде 15 қыркүйектен бастап халықты иммундау науқаны ресми түрде басталады. Тұрғындар өздері тіркелген емханаларда ресейлік «Гриппол+» препаратын тегін ала алады. Вакцинациялау науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады.

Екпе ең алдымен вирус жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға салынады. Мұндай тәуекел тобына созылмалы ауруы бар адамдар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, қарттар мен ерте жастағы балалар кіреді. Сонымен қатар жабық мекемелер мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тұратын азаматтар да міндетті түрде қамтылады.

Айта кетейік, өткен 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында Жетісу облысында ЖРВИ-дің 180 мыңға жуық жағдайы тіркелген болатын. Ал зертханалық сараптамалар нәтижесінде тұмаудың 220 жағдайы дәлелденсе, оның 219-ы H3N2 штаммына, 1-еуі В тұмауына тиесілі екені анықталды.

Қазіргі таңда жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық аясында кешенді бақылау жұмыстары қолға алынды. Өңірде 1 қыркүйектен бастап апта сайын, ал 1 қазаннан бастап күн сайын сырқаттанушылық деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Оған қоса, 15 қыркүйектен бастап жас ерекшеліктері мен тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты вакцинациялау барысы да күнделікті қадағалауда болады.

 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
27 августа 2026
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын: анықталған бұзушылықтардың 95%-ы жойылды

Облыста 2026–2027 оқу жылына дайындық барысын бағалау бойынша санитариялық мониторинг аяқталды.
Мониторинг барысында аумақтық бөлімшелердің мамандары 312 мектепті, 286 мектеп асханасын және 9 мектеп-интернатты қамтыды. Тексеру нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жекелеген бұзушылықтары анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.
Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 95% жойылды. Қалған нұсқамалардың орындалуы жауапты мамандардың тұрақты бақылауында.
Жалпы, облыстың білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын бастауға толық дайын. Мектептерде санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға және оқу процесінің үздіксіз ұйымдастырылуына бағытталған қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді.
Осылайша, жаңа оқу жылына дайындық бойынша негізгі іс-шаралар аяқталды. Мониторинг барысында анықталған қалған кемшіліктерді толық жою жұмыстары жалғасуда және бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
23 июля 2026
Иммундау дегеніміз не?

Вакциналар бізді өмір бойы және кез келген жаста, туылғаннан кейін, балалық, жасөспірім шақта және қартайғанға дейін қорғайды.

Қазіргі уақытта ата-аналар әртүрлі әлеуметтік желіден, интернеттен, теледидардан көптеген ақпаратқа тап болады. Ақпараттың көптігі, негізсіздігі, субъективтілігі тұрғындарды шатастырады. Шындығында, вакциналардың қаупі миллион вакцинацияға бір жағдай ретінде бағаланады, ал аурудың қаупі едәуір жағары – 1/20, сондай-ақ сырқаттанған миллион адамның 1-200 мыңы өлімге душар болады.

Вакциналар туралы ғылым бір орында тұрмайтынын есте ұстаған жөн. Бүгінгі таңда вакциналарды қажетсіз компоненттерден, балласт заттарынан тазарту өте жоғары деңгейге жетті. Көп компонентті препараттарды құрудың арқасында вакцинация саны айтарлықтай төмендеді.

Кейбір ата-аналар иммундау міндетті емес деп санайды. Мұндай қате түсінікте оларды вакцинацияның қарсыластары қолдайды, яғни вакцинацияның арқасында көптеген инфекциялардың сирек кездесетінін ұмытып кетеді.

Вакцинациялауға шақыру балалардың денсаулығының жай-күйін ескермей, оларды бас салып егуді білдірмейді. Вакцинацияға белгілі бір уақытша және тұрақты қарсы көрсетілімдер бар. Сондықтан вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты, вакцинация ережелерін қатаң сақтау керек. Ата-аналар мен медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен ғана баланың инфекциялық аурудан аман-сау өсуіне қол жеткізуге болады.  

 Вакцинацияның күші неде? Неліктен вакцинацияланған бала үшін ауру қорқынышты емес? Жауап мынада: вакцинация ағзаны ауру қоздырғыштарының  әсерінен қорғайтын барлық қорғаныс механизмдерін қамтиды, яғни адам ағзасы  егілген ауруға қарсы иммунитетке ие болады.

Профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесін сақтау түбегейлі маңызға ие. Вакциналарды белгіленген мерзімде енгізу иммундық қорғаныстың максималды тиімділігін қамтамасыз етеді. Вакцинация мерзімдерін бұзу немесе екпеден бас тарту инфекциялық аурулардың таралу және эпидемиологиялық жағдайдың күрделену қаупін арттырады. Жетісу облысында 2023-2024жж. қызылшаның 1300 жағдайы тіркелді. Қызылшаның тіркелуі әлі де жалғасып жатыр, былтырғы жылы 41, 2026 жылдың 6 айында қызылшаның 144 жағдайы тіркелді. Жас құрылымы мен иммундық мәртебесі бойынша сырқаттанушылықтың 66% (95) 5 жасқа дейінгі балаларға және қызылшамен ауырғандардың 85% (121) егілмеген балалар мен егу мәртебесі белгісіз адамдарға тиесілі.

Халықтың эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық ауруға қарсы тегін, тіркелген жері бойынша жүргізіледі.

Профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейінің болмауы және төмендеуі иммундаудың тиімді, сенімді нәтижесі болып табылады. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, иммундау жыл сайын дифтерия, сіреспе, көкжөтел және қызылшадан, сондай-ақ пневмококк пен гемофильді инфекциядан 2-3 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа вакциналардың арқасында, қазіргі уақытта жасөспірімдерді адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинасымен өмірге қауіп төндіретін вирустың ең қауіпті онкогендік штаммдарынан қорғауға болады.

Вакцинациядан бас тарту арқылы біз өзімізді және балаларымызды денсаулық құқығынан айырамыз. Есіңізде болсын, вакцина жеке адамды ғана емес, айналасындағыларды да қорғайды. Егер көпшілік (халықтың 95%) егілсе, онда басқаларға (медициналық шектеу себебімен егілмегендерге) қорқудың қажеті жоқ –себебі ұжымдық иммунитет жұмыс істейді. Осылайша, ұлттың денсаулығы әр адамның таңдауына байланысты.

Сондықтан профилактикалық егулерді жүргізу үшін салмақты және ақылға қонымды шешім қабылдаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз - қажетті профилактикалық егулерді уақтылы алыңыз!

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы