
Аумақтық басқармалар және ШЖҚ "Ұлттық сараптама орталығы" РМК Жетісу облысы филиалының зертханаларымен бірлесіп облыс аумағындағы радиациялық қауіпсіздікті бақылау мақсатында елді мекендердің радиациялық фонына, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды салу және пайдалану кезінде топырақтағы радон мен торон өлшемілер, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде радиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде радиациялық қауіпсіздіктің сақталуына тексерулер жүргізу шеңберінде күн сайын мониторинг жүргізеді. Өткен 2024 жылда:
Мониторинг нәтижелері бойынша облыс аумағындағы радиациялық жағдай қолайлы болып қалуда, радиациялық фон 0,12-тен 0,18 мкЗв/сағ, ал тұрғын үй құрылысы аумағындағы радон мен торонның концентрациясы 10-20 Бк/м3 құрайды. 2024 жылы облыс аумағында радиациялық қауіпсіздікке гигиеналық нормативтерден асып кету анықталған жоқ.
2024 жылы медициналық ұйымдарға 8 тексеру жүргізілді, оның ішінде 23 рентген кабинеті, тексерілген жұмыс орындары -37. Рентгенологиялық кабинеттерді тексеру шеңберінде 2050 Өлшем жүргізілді, оның ішінде шекті рұқсат етілген деңгейден асып кету болған жоқ.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, облыс тұрғындарына рентгенологиялық зерттеулер тек дәрігерлердің тағайындауы бойынша жүргізілуі тиіс екенін еске салғым келеді, өйткені тек емдеуші дәрігерлер ғана осындай диагностикалық процедуралардың қажеттілігін анықтайды. Бұрын жүргізілген рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеулер туралы дәрігерлерге хабарлауды ұмытпаңыз, өйткені әртүрлі медициналық ұйымдарда рентгенологиялық процедураларды жасыру және өздігінен өтуі дененің шамадан тыс сәулеленуіне және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелуі мүмкін.