28 қыркүйек - «Халықаралық құтырмамен күрес күні»

28 қыркүйек - «Халықаралық құтырмамен күрес күні»

2024 жылдың қыркүйек айында Халықаралық құтырмамен күрес күніне орай Жетісу облысында аурудың алдын алу мәселесінің маңыздылығына байланысты бірнеше шара өтті.

Аудандық, қалалық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармалары ветеринарлық қызмет және аудандық, облыстық ауруханалармен бірлесіп дөңгелек үстел мен «Құтырма сырқаттанушылығының алдын алу шаралары» тақырыбында әр өңірде семинарлар өткізді.

 Басқарма мамандарының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24 қыркүйекте «Талдықорған қалалық білім бөлімі»,  Ветеринария басқармасы, «Ветеринариялық пункттері бар Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясы» Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының қатысуымен «Халықаралық құтырмамен күрес күніне» орай акция өтті.

Құтырма сырқаттанушылығының алдын алу бойынша сауда орталықтарында радиоқондырғы арқылы дәрістер оқылды.

Халық арасында құтырманың алдын алу бойынша жарақат алғандардың медициналық көмекке уақтысында жүгінуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.