«Адам папилломасы вирусына қарсы иммундауды ұйымдастырып, жүргізу бойынша» онлайн форматта семинар өтті

«Адам  папилломасы  вирусына  қарсы иммундауды ұйымдастырып, жүргізу бойынша» онлайн форматта семинар өтті

2024 жылғы 1 қазанда облыстық департамент, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Адам  папилломасы  вирусына  қарсы иммундауды ұйымдастырып, жүргізу бойынша» онлайн форматта семинар өтті.

Семинарға аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармаларының эпидемиолог мамандары мен медициналық ұйымдарының онколог, гинеколог, педиатр/жалпы тәжірибелік дәрігер, медициналық ұйымдарының егу жүргізетін, учаскелік және білім беру ұйымдарында қызмет көрсететін медбикелер қатысты.

Семинарда адам  папилломасы  вирусына  қарсы иммундауды ұйымдастырып, жүргізу; АПВ инфекциясы мен жатыр мойны обырының эпидемиологиясы. вакцинаның тиімділігі мен әсері; шынайы және жалған медициналық қарсы көрсетілімдер, АПВ вакцинасынан кейін мүмкін болатын қолайсыз көріністер; егілгендердің вакцинация модуліне енгізілуі, мониторинг пен базаның сәйкестігі – әдістемелік көмек; Талдықорған қаласы бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі туралы өзекті мәселелер талқыланды.