ОБА - адам ағзасын аса ауыр зақымдаумен смпатталатын, жіті карантиндік аса қауіпті індет.
Аурудың негізгі жұғу көзі болып ауру жанурлар - кеміргіштер, табиғатта обаның қоздырғыш тасымалдаушысы (сауыр, саршұнақ, құмтышқан, сұртышқан, қоян, тышқан және т.б.) болып табылады. Сонымен қатар обамен жыртқыш аңдар (күзен, түлкі, ақ тышқан) және үй жануарлары (түйе, ит, мысық) ауырады.
Індетті тасымалдаушы -
бүргелер, сирек кезде кенелер.
Обаның клиникалық түрлері:
- терілік;
- бубондық;
- өкпе:
- септикалық.
ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ:
- трансмиссивтік (бүрге шағу, сирек кезде кенелердің шағуы арқылы);
- терінің жарақаттары арқылы «ауру жауарларды сою, бөлшектеу барысында),
- алиментарлы (тағам арықлы),
- ауар арқылы (аэрогендік - шаңды ішке жұту).
АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ:
- Кеміргіштермен күресу, олардың індерінің қасында түнемеу.
- Обаға қарсы үй жануарларына профилатикалық вакцинация жасау.
- Түйе сою кезінде санитарлық ережелеін сақтау, кеміргіштер, қояндар, түлкілер және т.б. жануарларды аулағанда, терісін сыпырғанда, етін бөлшектегенде сақтық шараларын естен шығармау.
- Залалданған жерлерде мал жаймау және ауламау.
- Оба індетінің табиғи ошағындағы тұрғындарды обаға қарсы иммундау қажет.