Инфекция көзі - ауру адам немесе дені сау бактерия тасымалдаушы.
Берілу жолы: қоздырғыштың таралуы сөйлеу, жөтелу, түшкіру кезінде ауа тамшылары арқылы беріледі. Науқас катаральды кезеңде және ұстамалы жөтел кезеңінде ең жұқпалы болып табылады. Ем алмаған науқастар симптомдар басталғаннан кейін 3 аптаға дейін инфекцияны таратуы мүмкін.
Инкубациялық кезең (ауруды жұқтырғаннан симптомдар басталғанға дейін) орта есеппен 7-10 күнге созылады, бірақ одан да ұзақ болуы мүмкін - 21 күнге дейін.
Негізгі белгілері: бастапқы кезеңде көкжөтел жедел респираторлық инфекцияларға ұқсас белгілермен көрінеді - түшкіру, мұрыннан су ағу, құрғақ жөтел, дене қызуының жоғарылауы. Көкжөтел жедел респираторлық инфекция ретінде басталады, бірақ одан айырмашылығы бірнеше апта немесе айға созылуы мүмкін.
Екінші кезеңде негізгі симптом пайда болады - құрғақ ұстамалы жөтел. Жөтел ұстамасы дем шығару кезінде пайда болатын ысқырықты тыныстан, үзілген дем шығарудағы жөтел серпілістерінен тұрады. Ұстамалы жөтел кезінде науқастың беті қызарады, содан кейін көк түске айналады, мойын мен басындағы тамырлар ісінеді, көз жанарының жасаурауы пайда болады. Ұстамалардың жиілігі тәулігіне 15-25 - ке жетуі мүмкін, ал олардың ұзақтығы бірнеше секундтан 2-4 минутқа дейін.
Көкжөтелдің алдын алу шаралары: Көкжөтелдің алдын алудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация. Көкжөтел тоқтатылатын ауру, Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау арқылы инфекция мен асқынулардан оңай құтылуға болады. Вакцинация жоспар бойынша 2, 3, 4 айда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, қолданылатын вакцина - құрамдастырылған, АбКДС (дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушалы), В гепатитіне, полиомиелитке (инактивтендірілген) және гемофилді жұкпаның b типіне қарсы вакцина. Сондай-ақ 1,5 және 6 жаста қайта егу жүргізіледі.
Аурудың белгілері пайда болған кезде: уақтылы медициналық көмекке жүгіну, үй жағдайында өзін-өзі емдеумен айналыспау; бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу; ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге және балабақшаға жібермеу ұсынылады.