Меню

Страницы

Статья

Нитраттар туралы не білу керек?

Нитраттар – бұл азот қышқылының тұздары. Олар өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қажет. Сондай-ақ, нитраттар топыраққа жақсы өнім алу үшін қолданылатын тыңайтқыштармен бірге түседі.

Нитраттардың аз мөлшері адамдар үшін қауіпті емес. Алайда, олардың тағамдағы мөлшері тым жоғары болса, бұл денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Көбінесе нитраттар көкөністер мен көкшөптерде жиналады. Олардың ең көп мөлшері жапырақты көкөністер мен кейбір тамыр көкөністерінде болуы мүмкін. Нитраттарды бойына көп жинайтын көкөністерге шпинат, аскөк, ақжелкен, қызылша, шалғам, қырыққабат және қияр жатады. Бұл жағдайда нитраттардың деңгейі өсу жағдайларына, қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшеріне, маусымға және өнімді сақтау жағдайларына байланысты.

Ағзаға енгеннен кейін нитраттардың бір бөлігі нитритке айналады. Олар қанның оттегін тасымалдау қабілетін нашарлатады. Нитраттардың көп мөшерінінің әсерінен әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, іштің ауыруы, тез шаршау белгілері болады. Нитраттардың әсеріне әсіресе кішкентай балалар, жүкті әйелдер және қарт адамдар сезімтал  болады.

Көкөністердегі нитраттардың мөлшерін қарапайым тәсілдермен азайтуға болады көкөністер мен көкшөптерді мұқият жуыңыз, көкөністерді қабығынан тазартыңыз, қырыққабаттың сабағын және қызылшаның жоғарғы бөлігін алыңыз, көкөністерді 20-30 минут бойы таза суға салып қойыңыз, өнімдерді термиялық өңдеуден өткізіңіз.  

Нитрат мөлшері жоғары тағамдарды сатып алу қаупін азайту және сапалы көкөністер мен жемістерді сатып алу үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:

  • табиғи мөлшердегі жемістерді таңдаңыз;
  • өнімнің сыртқы түріне назар аударыңыз жемістер шірік, көгеру, зақымдану және бөгде иістер белгілері жоқ балғын болуы керек;
  • көкөністер мен жемістерді маусымдылығына қарай таңдаңыз;
  • табиғи емес түсті немесе тым мінсіз пішінді өнімдерден күмән тудырса, аулақ болыңыз;
  • кесілген немесе зақымдалған жемістерді сатып алмаңыз;
  • қолданар алдында көкөністерді, жемістер мен көкшөптерді ағынды сумен мұқият жуыңыз.

Нитраттардың құрамын сыртқы түрі бойынша дәл анықтау мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн. Үйде нитраттарды анықтаудың әмбебап әдісі жоқ. Зертханалық зерттеулер ең сенімді нәтижелер береді.

Азық-түлікті таңдау мен дайындаудың қарапайым ережелерін сақтау қауіпті азайтуға және тамақтануды қауіпсіз етуге көмектеседі.

Дұрыс тамақтану, рационның әртүрлі болуы және сапалы көкөністер мен жемістерді жеу денсаулықты сақтаудың маңызды шарттары болып табылады.

Дата публикации
18 июня 2026
Дата обновления
18 июня 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы