Меню

Страницы

Статья

Жұмсақ балмұздақ несімен қауіпті?

Балмұздақ – балалар мен ересектердің сүйікті тәттілерінің бірі. Жұмсақ балмұздақ – бұл фризерде жасалған және мұздатқышта қатаю процесінен өтпеген сүт өнімі. Дайындалғаннан кейін бірден тұтынылады және сақтауға жатпайды. Қазіргі уақытта балмұздақ көшеде шағын мұздатқыштардан, салқындату витриналары және арбалардан бастап павильондарға дейін сатылады.

Жұмсақ балмұздақты сақтау температурасының бұзылуы, өндіру технологиясы және сату, өнімді қабылдау жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаса, жұмсақ балмұздақ  ішек инфекцияларына, улануға және одан да ауыр денсаулық проблемаларына әкелуі мүмкін.

Улану белгілері бас ауруы, қызу көтерілу, құсу, жүрек айну, диарея, іштің ауыруы түрінде көрінеді. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз және уланудың айқын белгілері болса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз.

Осы объектілердің сатушылары сауда орны мен жабдықты таза ұстауы, өнімді олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттармен бірге қабылдауы, жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу шарттарын сақтауы, тамақ өнімдерін ластанудан сақтауы, таза арнайы киім, бір рет қолданылатын қолғап киюі және жеке гигиена ережелерін сақтауы, медициналық тексеруден уақтылы өтуі тиіс.

Егер сіз жұмсақ балмұздақ сатып алсаңыз, неге мән беру керек:

  • түрлі-түсті балмұздақ (ашық сары, қызғылт) зиянды бояғыштарға толы болуы мүмкін;
  • қала көшелерінде және күмәнді жерлерде салмақтап сатылатын балмұздақ сақтау мерзімі өтіп кеткен болуы мүмкін және бұл өнімге құжаттаманы ұсыну талабы әдетте нәтижесіз болады;
  • балмұздақ сатып алғанда, балмұздақ алатын десерт қасықтың қай жерде тұрғанынына назар аударыңыз, оны суда сақтауға болмайды;
  • балмұздақтың бөтен дәмі мен жағымсыз иісі болмауы керек;
  • сатушының медициналық кітапшасы болуы қажет;
  • өнім туралы барлық ақпараты бар зауыттық герметикалық қаптамасы мен жапсырмасы бар порциялы балмұздақ алған жөн.

Сіздің және балаларыңыздың денсаулығын сіздің қолыңызда екенін есіңізде сақтаңыз!

Дата публикации
09 июня 2026
Дата обновления
09 июня 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы