Меню

Страницы

Статья

Вирустық гепатит «А» алдын алу

Вирустық гепатит «А» – ластанған тағамды немесе суды тұтыну нәтижесінде немесе науқас адаммен тікелей байланыста болғанда, лас қолдар арқылы жұғатын бауырдың вирустық ауруы.

А гепатитінің инкубациялық кезеңінің ұзақтығы әдетте 14-28 күнді құрайды.

Белгілері:

  • дене температурасының жоғарылауы;
  • жайсыздық;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • диарея;
  • жүрек айнуы;
  • іштің ауыруы;
  • зәр түсінің қоюлануы;
  • терінің және склераның сарғаюы.

Вирустық гепатит «А» жұқпасына күз-қыс айларындағы маусымдылық тән, бірақ жаз айларында ыстық мезгілде су тұтыну күрт жоғарылағанда тұрғындардың сапасыз ауыз суын пайдалануы орын алады.

Күзде ұйымдастырылған ұжымдар арасында (мектеп, мектеп – интернаттары, балабақша) науқас адам болған жерде жұқпа еніп, жұқпаның тез және кеңінен таралуына мүмкіндік пайда болады. 

Жетісу облысында 2026 жылдың 4 айында қорытынды нақтамамен вирусық «А» гепатитінің 4 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 2 (50%). Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,8 есеге төмендеген. 2026 жылдың 4 айында 327 мектептердің ішінде 2 мектеп зақымдалды (0,6%), науқастанған оқушылар – 2. Мектептерде 3 және одан жоғары жағдайлар тіркелген жоқ.

Вирустық «А» гепатитін төмендетудің негізгі және тиімді шараларының бірі - иммундау. Қазіргі уақытта облыста вирустық «А» гепатитіне қарсы 2 жастағы балалар (ВГА1+ВГА2 - 2026ж. 4 айда – 6948) және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша ошақта қарым - қатынаста болған балалар (ВГА1+ВГА2 - 2026ж. 4 айда – 48) иммундаумен қамтылуда.

Вирустық А гепатитінің алдын алу:

  1. жеке бас тазалығын сақтау, дәретханадан кейін, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу;
  2. белгісіз су көздерінен суды тұтынбау;

тазалығы күмәнді суаттарда суға түспеу;

  1. қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
  2. міндетті түрде жеміс-жидектерді, көкөністерді таза сумен мұқият жуу;
  3. бейберекет сауда орындарынан азық-түлікті сатып алмау;
  4. үй-жайларда, дәретханаларда тазалықты қамтамасыз ету.

 

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы