Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз дерматомикоз!

Дерматомикоз – бас терісін, тырнақ, аяқ, денені және ішкі ағзаларды зақымдайтын жұқпалы тері ауруы. Бұл сырқат - дерматофит саңырауқұлақтарынан  туындайды.

Дерматомикоздың белгілері: Денеде дөңгелектенген қызыл дақтың пайда болып, қабыршықтанып қышуы. Егер бас терісі зақымдалса, шаш түсіп таз пайда болады, тырнақ зақымдалса, сарғайып, қалыңдайды және үгітіледі. Аяқ зақымдалғанда, жарылып қатты қышу пайда болады.

         Дерматомикоз қалай жұғады? Тікелей ауру адамнан: қол алысу кезінде, жанасу кезінде, спорттық ойындар кезінде, құшақтасу кезінде. Сонымен қатар науқас адам қолданған заттар арқылы: ыдыс-аяқ, орамал, ойыншық, қаламсаптар, дәптерлер, кітаптар, спорттық құралдар, парта, үстел, сырғанақ, әткеншектер. Сондай – ақ, дерматомикоздар жануарлардың терісі және топырақ арқылы жұғады.

         Алдын алу шаралары: Жеке бас гигиенасын сақтау қажет, ас ішер алдында, дәретханадан кейін және сырттан үйге келген кезде қолды сабынмен мұқият жуу.  Қоғамдық сауна, монша, бассейнге барған кезде жалаң аяқ жүрмеу, өзіңізбен бірге жеке аяқ киім алып жүру қажет.

Дерматофития саңырауқұлақтары ылғалды және жылы ортада көбейеді, сондықтан денені таза және құрғақ ұстау алдын алудың бір жолы.

Спорттық секция, фитнес-клуб, бассейнге барған соң сабынмен душ қабылдау керек.

Қаңғыбас мысық пен иттерге жақындамаңыз, егер ұстаған болсаңыз, қолыңызды мұқият жуыңыз.

Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігер-дерматологқа дереу қаралу қажеттігін есіңізде сақтаңыз!

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы