Меню

Страницы

Статья

Өндірістік бақылау дегеніміз не және ол туралы не білу керек.

Өндірістік бақылау дегеніміз не және ол туралы не білу керек.

 Өндірістік бақылау – бұл өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.

Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

Оны кім өткізуі керек?

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылауға және қадағалауға жататын объектілерде өндірістік бақылауды қамтамасыз ету жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның басшысының міндетіне жүктеледі.

Өндірістік бақылауға нені енгізу керек?

  • объектіде бар зияндар мен қауіптерді (қауіп факторларын) ескере отырып, өндірістік бақылаудың бағдарламасын әзірлеу;
  • халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге асыру (ұйымдастыру);
  • медициналық тексерістерден уақытылы және толық өту;
  • өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы;
  • тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіптерді, қауіпсіздік критерийлері мен (немесе) өндірістік және қоршаған орта факторларының зиянсыздығын талдау және технологиялық процестің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау;
  • өндірістік бақылауға қатысты тіркеу және есеп құжаттамасын жүргізу;
  • халықты, жергілікті атқарушы органдарды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемаларын әзірлеу.

Білген маңызды!

Объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне ұсынылады. Өндірістік бақылау нәтижелерін ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау кестесіне енгізуге негіз болып табылады.

 

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы