Бруцеллез адамдар мен жануарларға ортақ, аса қауіпті ауру. Денсаулыққа үлкен зиян келтіріп, белсіздікке, тірек – қимыл аппаратының зақымдануы мен мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Бруцеллездің белгілері: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, депрессия, ашушаңдық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюуі.
Бруцеллез адамдарға ауру ауылшаруашылық малдарын күту барысында және олардан алынатын өнімдерді тағамға қолданудан (ет, сүт өнімдері) жұғатынын естеріңізге саламыз!
Сондықтан сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну керек, әр жерде көшелердің қиылысында ветеринарлық анықтамасыз сатылатын сүт және сүт өнімдерін пайдаланбау керек.
Сонымен мал төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Балаларды мал қораларын тазалауға, мал төлдетуге барынша қатыстырмауға тырысу қажет.
Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Көбінесе ондай деректер мал дәрігеріне хабарланбай, тек адам ауырған кезде айқындалып жатады. Егер дер кезінде белгілі болып жатса, малды тексертіп аурудың алдын алу шараларын жүргізуге болады. Көктемде малдар төлдеп болған соң тексертіп барып табынға қосқандарыңыз дұрыс, мысалы табынға шығатын малды, біреу тексертіп қосады, біреу тексертпей қосады, жаздай малдар арасында ауру тарап, күзде үйге алған кезде, мал төлдеу барысында адамдарға жұғады. Барлық малшылар, мал дәрігерлері, мал өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының жұмысшылары бруцеллезге жылына 1 рет тексерілу керек.
Егер осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды бруцеллезден және басқа да жұқпалы инфекциялардан сақтайсыз! Денсаулық - зор байлық екенін есте сақтаңыздар!