Меню

Страницы

Статья

Туберкулез

Туберкулез – бұл әлемге кең таралған қауіпті жұқпалы ауру. Жыл сайын Қазақстанда туберкулездің 7 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелсе, оның 200-ден астамы Жетісу облысына келеді.

          Қазіргі таңда облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса да, инфекцияның таралуына ықпал ететін көптеген проблемалар бар, мысалы, туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің жоғары үлесі, халықтың санитарлық сауаттылығының жеткіліксіздігі және адамдардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарауы.

          Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен ауыратын науқас жөтелгенде, сөйлескенде, түшкіргенде туберкулез микобактерияларын қоршаған ортаға шығарады.

          Туберкулез қоздырғыштарын қосатын ұсақ дисперсті аэрозольдері ауада және желдетілмеген бөлмеде сау адамның денесіне 1-1,5 сағат енуі мүмкін. Көбінде туберкулезді жұқтыру қаупі ұзақ уақыт бойы науқаспен тығыз байланыста болған және ағзаның иммундық жүйесі әлсіреген адамдар ұшырайды. Аурудың дамуы бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын бір науқас бір жыл ішінде уақтылы анықталмаған және оқшауланбаған жағдайда орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін.

          Егер 2 аптадан астам уақытқа созылған жөтел болса және төменде көрсетілген белгілердің кем дегенде біреуі болса, яғни тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі, жалпы әлсіздік, тершеңдік, жұмысқа қабілеттің төмендеуі, шаршау, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

          Үнемі флюорографиялық (немесе рентгендік) зерттеулерден өтіп, ауруды дер кезінде анықтап, басқаларға жұқтырудан аулақ бола аласыз.                                                Туберкулезді емдеу тегін: аурудың күйіне байланысты, емдеудің қарқынды кезеңінде туберкулезге қарсы ауруханалар мен диспансерлерде ем жүргізілсе, емдеудің қолдау кезеңінде арнайы дайындалған медициналық персоналдың бақылауымен амбулаториялық жағдайда ем жүргізіледі. Емдеу режимі бұзылған жағдайда қолданылатын препараттарға төзімділік дамиды, демек ағза ол дәрі-дәрмекке үйреніп алып, кейін науқас басқаларға төзімді штаммдарын жұқтырады.

          Сонымен бірге дұрыс тамақтану және иммундық жүйені нығайту да маңызды, ауру иммундық жүйе әлсіреген кезде дамиды, оған қант диабеті, АИТВ инфекциясы сияқты қатар жүретін аурулар, сондай-ақ уақытылы тамақтанбау, стресс және т.б.

          Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек, міндетті түрде жыл сайын флюорографиялық тексеруден өту қажет, туберкулез неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым аурудан айығу мүмкіндігі жоғары екенін есреріңізден шығармаңыздар.

     

Дата публикации
20 октября 2023
Дата обновления
20 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы