Меню

Страницы

Статья

Тұмаудың алдын алу

Тұмау және басқада жіті респираторлық вирустық жұқпа— бұл әрбір адам өмірінде бірнеше рет кездестіретін жұқпалы вирустық сырқаттанушылық.  Дүниежүзі бойынша тұмау және басқада жіті респираторлық вирустық жұқпа жиілігі және саны бойынша бірінші кезекте.

Бұл сырқаттанушылықпен жиі көктем, күз, қыс кезінде ауырады. Себебі осы уақытта ауа райының салқындығынан және күн сәулесі, дәрумен жетіспеушілігінен адам ағзасының иммунитеті төмендейді. Жіті респираторлық вирустық жұқпаның маусымдылық кезеңі күз мезгілінің соңғы айынан басталып, жоғары сырқаттанушылықтың ең көп тіркелуі қаңтар – ақпан айларына келеді.  

Жұқпа көзі - ауру адам, әсіресе сырқаттанғаннан бастап алғашқы 2-3 күні айналасындағыларға қауіпті. Жұқпаның жасырын кезеңі орташа алғанда 3 күнге дейін.

Тұмаудың барлық вирустары адамнан адамға ауа – тамшы жолы арқылы (түшкіргенде және жөтелгенде) беріледі.

Аурудың көріністері жұқтырғаннан кейінгі бірнеше сағаттан 3 күнге дейін созылады.  Тұмауға жіті басталу көрінісі тән:  дене қызуының көтерілуі (39-40°С дейін), әлсіздік, қалтырау, бұлшық еттері мен басының ауруы.  Адамның беті, көзі қызарады (конъюнктивит, склерит), нәтижесінде мұрыннан су ағып, тамағы ауырып, құрғақ жөтел басталады. Егер тұмау асқынусыз өтсе ауру 5–7 күнде аяқталады, бірақ 2–3 аптаға дейін бұлшық еттің ауруы, бас ауруы, әлсіздік сақталуы мүмкін. Тұмаудың ауыр жағдайында құрысу, естен тану, мұрыннан қан кетуі мүмкін. Осындай көрініс науқасты өлім жағдайына әкеліп соқтырады.

Тұмау жұқпасына қарсы ең жоғары нәтижелі тиімді шара бұл – тұмауға қарсы иммундау. Жыл сайын облыстық бюджеттен тұмауға қарсы иммундауға қаржы бөлінеді. Қазан айының басынан облыста тұмауға қарсы иммундау мақсатты топтарға жергілікті медициналық ұйымдарда ақысыз түрде жүргізіледі. Тұмауға қарсы ақысыз иммундауға жататын мақсатты топтар - ұйымдасқан жабық мекемелер (бүлдіршіндер, балалар, мүгедектер, қарттар  үйі және мектеп интернаттары), жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар мен созылмалы аурулары бар ересек адамдар, медициналық қызметкерлер, 2-ші, 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер.

          Тұмауға қарсы арнайы иммундаудан басқа тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жоғарылау кезеңінде жұқпаның арнайы емес алдын алу шараларын да естен шығармауымыз керек. Қазіргі уақытта тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жедел және жоспарлы түрде алдын алу үшін дәрілік заттардың түрлері кеңінен таралған.

Жұқпаның жоғарылау кезеңінде тұмаудың алдын алуының ең қолайлы, кең таралған, қолжетімді түрі – тыныс алу жолдарын қорғау үшін қолданылатын бетперде. Осы кезеңде жіті респираторлық вирустық жұқпаның және тұмаудың алдын алу үшін мүмкіндігінше халық тығыз орналасқан және жаппай шаралар ұйымдастырған жерлерге баруды шектеу, әсіресе балалар үшін жұқпа көзі мүмкін болатын қарым-қатынасты шектеу қажет.

Тұмаудың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтаудың да пайдасы мол, қолды жиі сабынмен жуу қажет. Түшкірген және жөтелген кезде ауызды немесе мұрынды бет орамалмен жабу керек.

Барлық мүмкіндікті мүлт жібермей уақытында емханаға қаралып,  жұқпалы аурулардың алдын алғаныңыз жөн.

Сырқаттануды емдегеннен көрі алдын-алу анағұрлым жеңілірек екенін естен шығармаңыз!

Дата публикации
19 октября 2023
Дата обновления
19 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы