Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер туралы

Жетісу облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) және оның аумақтық басқармалары халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес көрсетеді.

Аталған бұйрыққа сәйкес келесі мемлекеттік қызметтер түрін алуға болады:

  • Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру,
  • Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру,
  • Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру,
  • Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру.

Мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» www.elicense.kz веб-порталы  арқылы көрсетіледі және мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбелері жоғарыда аталған бұрықта жазылған.

Бұл ретте, қызмет алушы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен жүктеп алып таныса алады. Сондай – ақ, Департаменттің және оның аумақтық басқармаларында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы көзделген. Егер, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда қызмет алушы Департаментке немесе оның аумақтық басқармаларына кеңес алу үшін жүгіне алады.

 

Дата публикации
18 октября 2023
Дата обновления
18 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы