Меню

Страницы

Статья

Аса қауіпті азық!

Кез келген қазақ дастарханның сәні, әрі қазақтардың ең сүйсініп ішетін асы қазақша ет болып саналады. Ет — құнды, пайдалы тағамдық өнім. Ет белогында адам организміне қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Адамдарға еттің пайдасы мен қатар кей жағдайларда зияны да тиеді, ет арқылы адамға сібір жарасы, бруцеллез және т.б. инфекциялар жұғу қауіпі жоғары.

Сібір жарасы – адамдарға көп жағдайда сырқаттанған ауылшаруашылық малдарынан жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Аурудан өлген малдардың барлық мүшелері мен тіндері, терісі, жүні, сүйектері залалды болып табылады.

Сонымен бірге ауру малды сою, терісін сыпырып, етін жіліктеу, тамаққа пайдалану, жүнін өңдеу кезінде сібір жарасынан басқа бруцеллез, ауруы жұғуы мүмкін, 2023 жылдың 9 айында облыс бойынша бруцеллезбен 89 адам ауырған.

Ауылшаруашылық малдардан жұғатын аурулар туралы сан рет айтылып жатқанына қарамастан халықтың малды өз бетінше аулаларда сою салдарынан жоғарыда аталған аурулармен сырқаттану жағдайлары орын алуда. Себебі, бүгінгі күні мал шаруашылығымен шұғылданатын ұжымдар мен серіктестіктер, жекеменшік мал ұстайтын азаматтардың арасында мал дәрігерлердің қызметін қажетсінбеу, малдарын мезгілінде күйдіргіге немесе басқа да жұқпалы ауруларға қарсы ектірмеу (вакцинация), мал санын жасырып қалу, ауырған малды мал дәрігеріне уақытында хабарламай, жеке ауласында сойып, етін бірнеше үйге таратып беру немесе басқа бір жерге апарып сатып жіберу жағдайлары жиі кездеседі.

Ауылшаруашылық малдарынан жұғатын аурулардың алдын алу үшін әрбір адам төмендегідей қарапайым ережелерді сақтауы қажет:

-   жергілікті мал дәрігерімен келісіп жылына 1 рет малдарын түгелдей жұқпаларға қарсы егу;

-   тұрғылықты мекен-жайы бойынша жайылымдардың сипаттамасын жергілікті ветеринарлық қызмет немесе санитарлық қызметтен білу;

-   малдары кенеттен ауырған немесе өлген жағдайда міндетті түрде мал дәрігеріне хабарлау;

-   малды соятын немесе сататын жағдайда алдын ала мал дәрігеріне көрсетіп анықтама алу;

- малды арнайы мал сою алаңы немесе пунктінде сою;

-   мал ұстайтын қора жайларда тазалық сақтау шараларын әрдайым жүзеге асырып отыру қажет.

Әр адамның денсаулығы оның тамақтануына тікелей байланысты, сондықтан дастархандарыңызда тек қауіпсіз өнім болсын!

Дата публикации
17 октября 2023
Дата обновления
17 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы