Меню

Страницы

Статья

Шомылу маусымындағы сақтық шаралары

Көптен күткен шомылу маусымы басталды және ол қызу түрде өтіп жатыр. Шомылу маусымы кезінде ішек инфекцияларының және басқа да жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша сақтық шараларын уақтылы қабылдау өзекті мәселе болып табылады. Осыған сүйене отырып, сау және жақсы демалу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:

  • Шомылуға арналған су айдынындағы демалыс орны мен су бірінші кезекте қауіпсіз болуы тиіс;
  • Ашық су айдындарының суы ішуге жарамсыз, сондықтан мұндай сумен жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жуу ұсынылмайды;
  • Су ішу үшін бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
  • Жаңа піскен азық-түлік өнімдерін пайдаланыңыз, сақтауға, азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аударыңыз;
  • Егер Сізде тоңазытқыш сөмкесі болмаса, тез бұзылатын өнімдерді, атап айтқанда сүт, сүзбе, йогурт, пісірілген шұжық өнімдерін өзіңізбен алмаңыз;
  • Жеке бас гигиенасын және тазалықты сақтаңыз, өзіңізден кейін үнемі тазалап жүріңіз, себебі Сізден кейін басқа адамдар демалуға келеді;
  • Күн сәулесінде ұзақ уақыт болмаңыз, күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз;
  • Күн астында демалу кезінде көбірек сұйықтық ішіңіз, бірақ құрамында қант бар газдалған және әртүрлі шарап сусындарын тұтынбаңыз.

Есіңізде болсын салауатты және жайлы демалыстың өтуі Өзіңізге байланысты. Сізге денсаулығыңызға зиян келтірмейтін жақсы демалуды тілейміз. Сау болыңыз!

 

Дата публикации
23 июня 2023
Дата обновления
23 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы