Серозды менингит - бұл мидың жұмсақ қабығындағы жіті қабыну процесі. Вирустық немесе серозды менингит энтеровирустармен және басқа да вирустың түрлерімен шақырылады.
Инфекцияның берілу жолы ауа тамшылы, қарым-қатынас және және су арқылы. Бірінші жағдайда науқастың тыныс алуымен, жөтелімен, түшкіруімен инфекциялық агент ауа арқылы беріледі. Қарым-қатынас арқылы берілу жолы науқастың терісінен немесе шырышты қабығынан, жараларынан бөлінген қоздырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Су арқылы берілу жолы энтеровирустарға тән, сондықтан энтеровирустық менингиттің өршуіне жазғы шомылу маусымы тән.
Жетісу облысы бойынша серозды менингит жұқпасының алғашқы нақтамасымен 6 жағдай тіркеліп, 3 – расталды (1 - зертханалық, 2 - клиникалық). Облыста серозды менингит бойынша апталық мониторинг жүргізіледі, қорытындысы бойынша талдаулар мүдделі ведомстваларға жіберіледі, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, ашық су қоймасынан пайдалануға белгіленген орындарынан және сарқынды су көздерінен полиовирустың айналымын анықтау үшін жоспарға сәйкес су сынамалары жеткізіліп, зертханалық мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта зерттелген су сынамаларынан оң нәтиже анықталған жоқ.
Көбінесе 3-6 жастағы балалар жиі ауырады, ересектер арасында бұл ауру сирек кездеседі, негізінде 30 жасқа дейінгілер сырқаттанады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 2-35 күнді құрайды. Аурудың негізгі белгілері: дене температурасының жоғарылауы, бас және бұлшықеттің ауруы, диарея мен құсу, іштің ауыруы, жалпы мазасыздық. Ауыр жағдайларда құрысу, сандырауқтау белгілері болады. Аурудың ағымы қолайлы, әдетте екі аптадан кейін науқас толық қалпына келуімен аяқталады. Бірақ кез-келген жағдайда аурудың алғашқы белгілері басталғаннан-ақ емделген жөн. Уақытында және білікті ем болмаса, балалардағы серозды менингит асқынуларға әкелуі мүмкін.
Өзіңізді және балаларыңызды инфекциядан қорғау үшін қарапайым шараларды сақтау қажет:
Емдеу жұмыстары шұғыл түрде жүргізілуі керек! Алғашқы белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну керек және өздігінен емделуге болмайды!