Меню

Страницы

Статья

Қаптаманың қауіпсіздігі туралы не білуіңіз керек?

Өнімді таңдау кезінде тұтынушылар негізінен қаптамаға және оған жазылған ақпаратқа назар аударады. Өнімді таңдау кезінде  қаптамадағы ақпарт бізге қалай көмектеседі?

Ең алдымен, қаптама шикізат пен дайын өнімді орналастыру, тасымалдау, тиеу, жеткізу, сақтау үшін қолданылатын өнім екенін білуіңіз керек. Қолданылатын материалға байланысты қаптама: металл, полимер, қағаз, картон, шыны, ағаш, аралас және тоқыма материалдары, сондай-ақ керамика болуы мүмкін.

Қаптама қандай болуы керек? Біріншіден, қаптама қауіпсіз, ыңғайлы, өніммен үйлесімді болуы және де өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, техникалық регламенттер мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет.

Сонымен қатар, дүкенде тауарды сату кезінде қаптамасы таза, зақымданбаған, майыспаған, сызаттарсыз, дақтарсыз болуы керек.

Қаптаманы қауіпсіз ету үшін қандай шаралар қабылданды?

 Қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2012 жылдың шілдесінен бастап Кеден одағының 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді. Бұл техникалық регламент қаптаманың өзіне қойылатын талаптарды, оны сақтау, тасымалдау, жою процестерін белгілейді.

Қаптамаға қойылатын талаптардың бірі тамақ өнімдерімен жанасуға арналған қаптамаға немесе өнімнің затбелгісінде қаптаманың тамақ өнімдерін сақтауға, жасалған материал және оны жою мүмкіндігі арналғанын білдіретін жазулар, белгілер мен символдардың болуы тиіс.

Құрметті тұтынушылар! Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімді таңдау кезінде оның таңбалануына ғана емес, сонымен қатар ол орналасқан қаптамаға да назар аударуды ұсынады. Егер қаптамада жоғарыда көрсетілген таңбалар болмаса, қаптама таза емес, бұзылған болса, онда мұндай өнімді сатып алудан бас тартқан жөн.

Өз денсаулығыңызды қорғаңыз!

Дата публикации
15 июня 2023
Дата обновления
15 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы